Үндістанда тікұшақ апатынан 7 адам қаза тапты, олардың арасында сәби бар

Гималай тауының солтүстігінде орналасқан Үндістанның Кедарнатх аймағында тікұшақ апаты болды, деп хабарлайды Malim.kz Timesofindia-ға сілтеме жасап.
Aryan Aviation компаниясына тиесілі тікұшақ Кедарнатх ауылынан Гупткешиге бағыт алған. Алайда әуе кемесі Гаурикунд пен Сонприяг арасындағы орманды аймаққа құлап, бірден өртеніп кеткен. Тікұшақ бортында алты жолаушы мен бір ұшқыш болған. Өкінішке қарай, барлығы көз жұмды. Қаза тапқандардың арасында сәби де бар.
Алдын ала болжам бойынша, апатқа ауа райының күрт нашарлауы себеп болған. Ұшқыш қолайсыз метеожағдайды байқап, тікұшақты басқаруға тырысқанымен, апаттың алдын алу мүмкін болмаған.
Фото: timesofindia

Ең көп оқылған
