Үндістандағы ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 290 адамға жетті

Үндістанның Ахмадабад қаласында Air India әуе компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, соңғы мәліметтер бойынша 290 адам қаза тапты. Бұл туралы бейсенбі күні Reuters агенттігі полицияға сілтеме жасап хабарлады.
Апаттан аман қалған бір адамның бары белгілі. БАҚ мәліметінше, 40 жастағы ер адам ұшақтағы 11A орнында отырған. Оның айтуынша, әуе кемесі көтеріле бергеннен кейін отыз секунд өткенде қатты дыбыс естіліп, ұшақ апатқа ұшыраған.
Ұшақ бортында барлығы 242 адам болған. Сонымен қатар, жердегілер арасында да құрбандар бар: кемінде бес медицина студенті қаза тапты. Себебі ұшақ медициналық колледждің жатақханасына құлаған.
Air India әуе кемесі Ахмадабадтан Лондонға бағыт алған. Ұшақ бейсенбі күні әуеге көтерілген соң апатқа ұшыраған. Қайғылы оқиға алдында экипаж апаттық дабыл бергенімен, диспетчерлерге қайта байланысқа шыға алмаған.
Фото: АР

Ең көп оқылған
