Жеті ұшақ тексерістен өтпей, ұшпайтын болды

Соңғы уақытта жеңіл ұшақтардың қатысуымен болған авиациялық апаттар жиілеуіне байланысты 25 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Оның алдын ала қорытындысы Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев өткізген кеңесте айтылды. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жалпымақсаттағы авиация (ЖМА) пайдаланушыларының 31 әуе кемесіне тексеру жүргізіп, азаматтықавиация саласындағы нормативтік құқықтықактілер талаптарының бірқатар бұзушылықтарынанықтады. Нәтижесінде 7 әуе кемесінің пайдалануы анықталған бұзушылықтарды жойғанға дейін тоқтатылды, — делінген хабарланған.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі заңнамада белгіленген өкілеттіктер аясында ЖМА операторларының қызметіне, оның ішінде жеке тұлғалардың заңсыз ұшулар туралы өтініштері бойынша, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы және әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға мониторинг жүргізу арқылы жұмысты жалғастырмақ.
Соңғы кездері әлеуметтік желілерде (Instagram, TikTok, Telegram) жеке ұшақтарда «эксклюзив», «экскурсия» және басқа да рейстерге арналған жарнамалар жиілеп кетті, ал олардың көпшілігінде арнайы рұқсаттар жоқ. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ақылы немесе жалдамалы әуе тасымалдарын, авиациялық жұмыстарды орындауға тыйым салынғанын ескертеді, — деп жазды ведомстводан.
Талаптарды бұзған операторлар заңдакөзделген жауапкершілікке тартылады.
Фото: instagram.com/aktobe_airport

Ең көп оқылған
