457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ХАМАС босатуға уәде еткен тізімдегі 8 адам қаза тапқан

30 қаңтарда – 3, ал 1 ақпанда тағы 3 адам босатылмақ

ХАМАС тобы алдағы апталарда Израильмен жасалған уақытша бітімнің алғашқы кезеңінде босатуға уәде еткен 8 тұтқын қаза тапқан, - деп хабарлайды Malim.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.  

Бұл туралы Израиль үкіметі ХАМАС ұсынған тізіммен танысқаннан кейін мәлімдеді. Үкімет өкілі Давид Менсердің айтуынша, марқұмдардың туыстарына ақпарат берілген. 

Алдағы апталарда әлі босатылуы тиіс 26 адамның 18-і ғана тірі оралатыны белгілі болды, - делінген мақалада. 

Бұған дейін ХАМАС ағымдағы аптаның аяғына дейін 6 тұтқынды, 2023 жылы тұтқындалғандарды босатуға уәде берген. 30 қаңтарда – 3, ал 1 ақпанда тағы 3 адам босатылмақ. Босатылатындардың қатарында Арбель Йехуд бар. Ол 25 қаңтарда бостандыққа шығатындардың тізімінде болғанымен, белгісіз себептермен босатылмаған. 

Израиль ХАМАС-ты келісімді бұзды деп айыптап, Арбель Йехуд босатылмайынша, Газа секторының солтүстігіндегі қозғалысты шектеу шешімін қабылдады.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Арбель Йехуд пен тағы екі тұтқын – әскери қызметкер Агам Бергер және 65 жастағы Кит Сигалдың босатылатынын растады.

Еске салсақ, 15 қаңтарда Мысыр, Қатар және АҚШ делдалдығымен жасалған уақытша бітім келісімі аясында ХАМАС барлығы 7 тұтқынды босатты: бастапқыда 3 адам, кейін тағы 4 әскери қызметкер әйелдер босатылған. Келісім бойынша, ХАМАС 33 тұтқынды қайтарған жағдайда, Израиль шамамен 1900 палестиндік тұтқынды, оның ішінде ауыр қылмыс жасағандарды босатуға уәде берген.  

Фото: REUTERS