Жапаров қызметінен кетті

Malim Админ

  • 16.12.2024

Қырғызстанның премьер-министрі Ақылбек Жапаров 16 желтоқсанда ресми түрде қызметінен кетті. Бұл жөнінде Қырғызстан БАҚ-тары жазып жатыр. БАҚ-тың хабарлауынша, Жапаров өз еркімен лауазымынан босату туралы өтініш берген.

Ақылбек Жапаров Министрлер кабинетіндегі жұмысын 2021 жылдың 1 маусымында бастаған болатын. Ол кезде ол Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары әрі Экономика және қаржы министрі еді. 2021 жылдың 13 қазанында Министрлер кабинетінің төрағасы әрі Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Дереккөздер Ақылбек Жапаровты Қырғыз Президенті Садыр Жапаровтың сенімді серіктерінің бірі деп қарайды.