freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы мен Талдықорғанда жер сілкінді

Оқиға
Алматы мен Талдықорғанда жер сілкінді
Фото: pixabay

Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірлерінде жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулері Алматы қаласы мен Алматы облысындағы Талғар және Талдықорған тұрғындарына сезілген, деп хабарлайды Malim.kz.

Халықаралық сейсмологиялық қызметтердің алдын ала мәліметіне сәйкес, магнитудасы шамамен 5,8 болатын жер сілкінісінің ошағы Қазақстан мен Қытайдың Шыңжаң өңірі шекарасы маңында орналасқан. Эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 316 шақырым жерде және Қытайдағы Хочэн қаласынан солтүстік-батысқа қарай 63 шақырым қашықтықта болған. Жер сілкінісінің тереңдігі шамамен 7 шақырымды құраған.

Төтенше жағдайлар министрлігі жерасты дүмпулерінің сезілгенін растады. Қазіргі уақытта мамандар жер сілкінісіне қатысты мәліметтерді нақтылап жатыр.

Әзірге қираған нысандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Ресми органдар жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу