Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы облысында мұғалімдер жарты жыл бойы жалақы алмапты

Құқық
Алматы облысында мұғалімдер жарты жыл бойы жалақы алмапты

Алматы облысындағы жекеменшік мектеп мұғалімдеріне жарты жылдан астам уақыт бойы жалақы төленбеген.

Облыстық прокуратурадан мәлім еткендей, Еңбекшіқазақ ауданындағы жекеменшік мектеп-гимназиясы мұғалімдердің жалақысын бермеген. Бір қызығы, мектептің атауы «Мейірімді періште».    

«Мектеп басшылығы банкроттық сатысында болғандықтан, мұғалімдерге алты айдан астам уақыт жалақы төлемеген. 56 мұғалімге тиесілі қарыздың жалпы сомасы 40 миллион теңге. Атқарушылық өндірістер жүргізілгеніне қарамастан, қызметкерлер алдындағы міндеттемелер орындалмаған», - деп хабарлады ведомстводан.

Прокуратура борышкердің жылжымайтын мүлкі барын анықтады.

«Алынған қаражат қарыздарды өтеуге жұмсалды, бұл мұғалімдердің еңбек құқықтарын толық қалпына келтіруге мүмкіндік берді»,-делінген хабарламада.

Фото: Halyq Uni   

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу