Сенім мен махаббаттың құрбаны

Malim Админ

  • 11.02.2020

26 жасында «Өркен-Гаризонт» газетіне бас редактор болуымен басталған тынымсыз саяси жолы 43 жасында тұйыққа тіреліпті.

Маңдайы кең, өңменіңе тура қадалатын көзінде әділдік пен батылдық бар, еркін, не ойлап, не айтса да жеткізіп, сендіріп сөйлейтін қайраткердің білімі мен білігіне төрдегі басшысынан бастап, есіктегі қарасына дейін тегіс бас ұрыпты. Жас күнінде-ақ қатарының алдына шығып, алдынғылардың көзіне түскен Алтынбек Сәрсенбайұлының саяси қызметі мен азаматтық болмысына баға беріп жатудың өзі артықтай сезіледі.

Әр азаматтың мемлекетшіл болуына барынша қызмет еткен тұлға досына да, қасына да әділ болыпты. Сонау жылдары жас түркілерге қарсы сол кездегі премьер-министр Қасымжомарт Тоқаев «киндерсюрприз» деп, елдегі құбылыстарды бағамдай алмай жатқанда, мемлекеттік қызметте отырып, тәуелсіз елдің саяси өмірінде болуы тиіс қалыпты жағдай ретінде салқын қанды қабылдауының өзі қатарының көбі бара қоймаған азаматтық қадам еді ғой. Оны сол уақытта түсінген, бағалаған кім бар?!

Жалпы біздің қоғамда адамды бағалаудың, қадірлеудің эгоистік сипаты қалыптасқан. Ол неден басталды, кім бастады түсініксіз. Қолында билігі бар адам өзіне мықтыларды жинайды. Басшылық қызметке қояды. Сырт көзге талантты бағалағандай, танығандай көрінеді. Ал сол талант бір күні әділдікті айтса, әділдігі басшысына қарсы болса, онда оны қызметтен қуады. Атуға, асуға да аянбайды. Сонда біздің мықтыны қадірлеуіміз осы ма? Жоқ. Бұл қадірлеу, бағалау емес. Пайдалану еді. Ал Алтынбек Сәрсенбайұлы ондайға көнген жоқ.

Абайдың Оспан өлгенде жазған сөзі бар еді.

Жауға мылтық,

Досқа ынтық,

Жан асар ма осыдан?

Қорықпай өтті,

Жанға жетті,

Арман етті досынан.

Ел тамағын,

Жұрт азабын

Жеке тартқан кетті гүл.

Сондай ерді —

“Ала берді”

Табар енді біздің ел!

Белгілі журналист Асылбек Абдуловтың деректі фильмінен кімді аттық, кімнен айырылдық, соны көріп, ұмытпаңыз!

https://www.youtube.com/watch?v=RBu1wC0HQiE

Байланысты жаналықтар

ЕҚЫҰ өкілі: Сайлауалды науқан белсенді өтті

20.03.2023

Сырымбек Тау: Respublica партиясы Meta жолды таңдайды

16.01.2023

Кикабидзе:   «Адам - уақытша жаратылыс, соңынан жаман сөз ермеуі керек»  

16.01.2023

Озық қоғамға бағытталған  реформалар    

23.11.2022

Алматыда Алтынбек Сәрсенбайұлына арналған ғылыми конференция өтті

06.10.2022

«Тек орыс тілін талап етіңдер!» – Әскерден қашқан ресейліктер Қазақстан шекарасында кезекте тұр

22.09.2022
MalimBlocks
ЕҚЫҰ өкілі: Сайлауалды науқан белсенді өтті

Науқан барысында әкімшілік кедергілерге де тап болды

Сырымбек Тау: Respublica партиясы Meta жолды таңдайды

Кикабидзе:   «Адам - уақытша жаратылыс, соңынан жаман сөз ермеуі керек»  

Путинді ашық түрде айыптап, Мәскеуден кетті

Озық қоғамға бағытталған  реформалар    

Алматыда Алтынбек Сәрсенбайұлына арналған ғылыми конференция өтті

Биыл көрнекті саясаткер, оппозициялық қайраткер Алтынбек Сәрсенбайұлының туғанына 60 жыл.

«Тек орыс тілін талап етіңдер!» – Әскерден қашқан ресейліктер Қазақстан шекарасында кезекте тұр

Қазақстанға кірген ресейліктер не істеп жүр?