ШЫҰ саммиті: Астанада күшейген қауіпсіздік басқосудың маңызды екенін көрсетті

Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының Астанада өтетін кезекті Саммиті Қазақстан астанасының тұрғындарына да ерекше сезіліп отыр. Ұйымға мүше елдердің басшыларының елордаға келуі қаладағы қауіпсіздік мәселесін барынша күшейтіп, тәулік бойы қызмет ету қолға алынған.

Malim Админ

  • 02.07.2024

Астана қалай "қауіпсіз қалаға" айналды?

Қазақстандық БАҚ-тар қазіргі уақытта Астана әуежайының күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін жазуда. Сондай-ақ, қосымша қызметкерлер мен диспетчерлік құрам жұмылдырылған. Бұдан бөлек, 100-ден астам маман қосымша бекітілген көрінеді. 

Айта кететін жайт, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мен Қытай халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мінген ұшақ арнайы әскери ұшақтардың бастауымен Астанаға келетінін ТМД БАҚ-тары жаппай жазып жатыр. Бұған қарап аталған саммиттегі қауіпсіздіктің қатаң сақталатынын аңғару болады. 

Өткен демалыс күндері Астана тұрғындары әуеден бірнеше әскери ұшақ байқаған. 

Ал еліміздің ҰҚК алдағы үш күнде Астанада қауіпсіздік шараларына қатысты қатаңдатылған шаралар қабылданатынын алдын ала мәлімдеді. 

«Қазақстанда шілденің 2-5 аралығында бірқатар маңызды халықаралық іс-шаралар, оның ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі мен Қытай Халық Республикасы Төрағасының мемлекеттік ресми сапары өтеді.  Осыған орай әлемге белгілі тәжірибеге сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар келетін шетелдік делегациялардың, олардың ішінде мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдар басшыларының қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге толыққанды шаралар қабылдайды», - деп хабар таратты ҰҚК. 

ШЫҰ саммиті қандай мәселелерді қозғайды? 

Астанада өтуі тиіс саммиттің қандай мәселелерді қамтып, қандай жобаларды қолға алу мүмкін деген сауалға сарапшылар да пікір білдірді. Астанадағы "Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының әлеуметтік жобалар жетекшісі Ерік Батырханов ШЫҰ саммитігінің өзіндік ерекшелігіне тоқталды. 

Бұл саммит ШЫҰ-ға мүше елдерді неғұрлым тығыз экономикалық ынтымақтастық пен интеграцияға ынталандыруы, оларды сауда байланыстарын көбірек талқылауға және нығайтуға, ортақ мүдделерді табуға және мүмкін болашақ инвестициялық жобаларды құруға ынталандыруы мүмкін. Экологиялық және энергетикалық мәселелер қазір маңызды рөл атқарады. Сондықтан, бұл саммит аясында барлық мемлекет басшылары арасындағы ауыр мәселелерді талқылау үшін қолайлы сәт деп санаймын. Геосаяси жағдай ШЫҰ-да осы мәселелерді қарау қажеттілігін күшейтеді және елдерді ынтымақтастықтың жаңа нысандары мен әдістерін іздеуге итермелейді, - деді Ерік Батырханов отандық БАҚ-қа берген сұхбатында. 

Ал Синьхуа агенттігіне пікір білдірген Қытайды зерттеу орталығының директоры Гүлнар Шаймергенова саммите ШЫҰ-ның ары қарай дамуы туралы айтқан. 

ШЫҰ-ның одан әрі даму мүмкіндіктері қатысушы елдердің алдағы бастамалары мен жоспарларын ескере отырып, болашағы бар болып көрінеді. Экономикалық байланыстарды нығайту және көліктік-логистикалық әлеуетті дамыту негізгі бағыттар болып қала береді, - деді ол. 

Сондай-ақ сарапшы Қытайдың ШЫҰ шеңберіндегі диалог пен дипломатияға деген адалдығы да шешуші мәнге ие екенін атап өтті.  

Қытай ұйым ішіндегі мәдени алмасуды, халықаралық дипломатияны және экологиялық ынтымақтастықты қолдайды, бұл әр түрлі елдер арасындағы берік қарым-қатынасты құрудағы жұмсақ күштің маңыздылығын көрсетеді, - деді Г.Шаймергенова. 

Сонымен бірге, сарапшы Астана саммитінде айтылған мәселелер алдағы істерге негіз болатынын жектізді.

Алдағы Астанадағы ШЫҰ саммитінің қорытындылары ұйымның одан әрі дамуына, өңірдегі ұзақ мерзімді бейбітшілікті, тұрақтылық пен экономикалық өркендеуді қамтамасыз етуге ықпал ететін болады, - деді сарапшы. 

ШЫҰ қалай үлкен құрылымға айналды?

Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы әу баста тоқсаншы жылдардың соңында бір-біріне жақын орналасқан елдер арасында «Шанхай бестігі» деген атаумен жаңа құрылған еді. Оған Қазақстан, Қытай, Қырғыз Республикасы, Ресей және Тәжікстан кіріп, өзара әскери саладағы сенімді нығайтуға келіскен. 
ШЫҰ мүддесі шекара арқылы шектесетін елдер арасында қарулы қақтығыстарға жол бермеу, оның алдын алу сияқты міндеттеріне бағытталды.

Ал бұл бестік 2000 жылы шілде айында көп жақты ынтымақтастықты ілгерілететін өңірлік ШЫҰ атты құрылымға айналды. 

Бүгінде оның құрамына 9 мемлекет, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, ҚХР, РФ, Тәжікстан, Өзбекстан, Пәкістан Ислам Республикасы, Үндістан, Иран Ислам Республикасы енген. Бұдан өзге Ауғанстан, Моңғолия мен Белорусь бақылаушы мемлекет ретінде танылған болатын. Айта кететін тағы бір жайт, Астана саммитінде ұйымға мүше елдердің саны 10-ға жетуі мүмкін. Оған Белорусь мүше елдердің қатарын толықтырады деген болжам бар. 

Өткен жылдың шілде айынан бері Қазақстан төрағалық еткен ШЫҰ-ның бұл саммитінде Қ.Тоқаевтың төрағалығымен «Көпжақты диалогті нығайту – орнықты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу» деген тақырыпты қамтиды. Әрі ұйымға мүше ел басшылары саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ықпалдастық және халықаралық геосаяси мәселелерді қарауы тиіс. 

Сондай-ақ аталған саммитке 16 елдің президенті мен үкімет басшылары келеді деп күтіліп отыр. Оның ішінде Қытай, Үндістан, Пәкістан, Иран, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Беларусь, Моңғолия, Әзербайжан, Қатар, Біріккен Араб Әмірліктері, Түрікменстан секілді елдер бар.

Фото: Kazinform.kz 

Байланысты жаналықтар

Астанада автобус отқа оранды

21.11.2024

Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

21.11.2024

Астана 4 бала көз жұмған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

17.11.2024

Астанада екі қабатты үйде өрт шығып, 4 бала көз жұмды

17.11.2024

Астанада екі қабатты үйде өрт шығып, 4 бала көз жұмды

17.11.2024

Сабындыдағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы айтылды

17.11.2024
MalimBlocks
Астанада автобус отқа оранды

Өрттің себебі анықталуда

Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

Іздеуде жүрген адамдарды тануға, құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеуге мүмкіндік береді

Астана 4 бала көз жұмған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

Үй шатыры өрнетіп, шатыр құлаған

Астанада екі қабатты үйде өрт шығып, 4 бала көз жұмды

Өрт 500 шаршы метр жерді шарпыған

Астанада екі қабатты үйде өрт шығып, 4 бала көз жұмды

Өрт 500 шаршы метр жерді шарпыған

Сабындыдағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы айтылды

Ал жарылыстан үш адам қаза тапқан