Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақмолада ер адам өз ваннасында батып кете жаздады

Оқиға
Ақмолада ер адам өз ваннасында батып кете жаздады

Ақмола облысы Ақкөл қаласының тәртіп сақшылары өз ваннасында батып кете жаздаған 70 жастағы ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Полицияға жергілікті тұрғыннан ағасының 30 қыркүйектен бастап байланысқа шықпағаны жайлы хабар келген. Әпкесі жалғыз тұратындықтан, ақмолалық оның денсаулығына алаңдағанын айтады.

Полиция қызметкерлері Абылай Дәукенов, Арай Бек және Дәмежан Серсенбаев дереу көрсетілген мекенжайға барады, сондай-ақ оқиға орнына ТЖ бөлімінің қызметкерлері келеді.

Үйге жеткен полицейлер есіктің ішінен құлыпталғанын көріп, пәтерге терезе арқылы кірген. Топ ішке кіргенде олар жуынатын бөлмеде суық судың ваннадан төгіліп жатқанын көреді. Кейін қарт кісінің құлап, кранды жұлып алып, өздігінен ваннадан шыға алмағаны белгілі болды.

Полиция мен құтқарушылардың уақытылы көмегінің арқасында қайғылы жағдай болмады. Қазір жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.

Фото: ТЖМ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу