Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбе облысында кәрізге түскен жұмысшылар уланып қайтыс болды

Оқиға
Ақтөбе облысында кәрізге түскен жұмысшылар уланып қайтыс болды

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында кәріз тазарту кезінде екі адам қаза тауып, тағы екі адам аудандық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қаза тапқан екі ер адам да 1966 жылы туған. Жұмысшылар жедел жәрдем келгенше қайтыс болып кетті.

«Метан газымен уланған екі зардап шеккен адамды (1978 және 1971 жылы туған ер адамдар) 103 бригадасы Ембі аудандық ауруханасына жеткізді. Соматикалық бөлімшеге жатқызылды, дезинтоксикациялық терапия жүргізіледі. Олардың жағдайы қанағаттанарлық. Гемодинамика тұрақты», - деп атап өтті ведомствода.

Полиция істі ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы, 4-бөлігі «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша тергеп жатыр.

Фото: freepik.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу