Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада ауа райының қолайсыздығынан ұшақтар кешігіп жатыр

Қоғам
Астанада ауа райының қолайсыздығынан ұшақтар кешігіп жатыр

Елордада ұшу-қону жолағы ауа райының қолайсыздығына байланысты уақытша жабылды, - деп хабарлайды Malim.kz.  


Бүгін сағат 8:33-тен Астана әуежайының ұшу-қону жолағы қолайсыз ауа райы және техникалық қызмет көрсетуге байланысты уақытша жабылды. Ұшу-қону жолағын қардан тазалап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әуежай аумағында 10 арнайы техника жұмыс істеп жатыр, - делінген хабарламада. 

Ақпаратта айтылғандай, қазір ұшатын 70 рейстің 6-ы кешіктіріліп, қонатын 68 рейстің 14-і де кешіктірілді. Оның себебі ауа райының қолайсыздығы мен аэродромға техникалық қызмет көрсетуге байланысты.

Жолаушылар рейстердің жай-күйі мен кестедегі өзгерістер туралы ақпаратты әуежайдың ресми сайты (www.nn-airport.kz) арқылы немесе тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығынан: 8 (7172) 702-999 біле алады, - деп хабарлайды елорда әуежайы. 

Қазгидрометтің ескертуінше, бүгін Қазақстанның барлық аймағында жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады. 

Фото: Мухтор Холдорбевов/Kazinform

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу