Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Байқоңырдан ұшқан зымыранның бөлігі Ұлытаудан табылды (ВИДЕО)

Қоғам
Байқоңырдан ұшқан зымыранның бөлігі Ұлытаудан табылды (ВИДЕО)
Роскосмос

Ұлытау облысының тұрғындарын далада табылған зымыран қалдықтары шошытты. Оқиғаға қатысты Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Тұрғындар түсірген видеода белгісіз металл конструкцияның жол үстіне құлап жатқанын көруге болады. Видео авторы: "Әрине, зымыранның бас бөлігі түскен шығар. Бәрі жолдың үстіне шашылып жатыр", – деп айтқан.

"2025 жылдың 27 қарашасында Астана уақытымен 14:27-де Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз МС-28" пилоттық кемесі бар зымыран-тасығыш сәтті ұшырылды. Ұшыру штаттық режимде өтті. Зымыранның бірінші сатысы алдын ала белгіленген аймаққа, Ұлытау облысының халқы қоныстанбаған өңіріне құлады. Тұрғындарға ешқандай қауіп жоқ", – деп хабарлады министрлік.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнында Ресейдің "Роскосмос" өкілдері және Қазақстан мен Ресей экологтары жұмыс істеп жатыр. Қазір сынамалар алынып, өлшеулер жүргізілуде. Алғашқы нәтижелер бойынша қоршаған ортаға зиян келгені анықталмаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу