Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Бәрімізге қатысты» орталығы су астында қалған Орал өңіріне гуманитарлық көмек жіберді

Қоғам
«Бәрімізге қатысты» орталығы су астында қалған Орал өңіріне гуманитарлық көмек жіберді

«Бәрімізге қатысты» орталығы су астында қалған Орал өңіріне гуманитарлық көмектің кезекті партиясын жіберді, деп хабарлайды Malim.kz.

Азық-түлік өнімдерін, тұрмыстық химияны, жылытқыштар, көрпе-жастық, киім-кешек пен аяқ киім, балаларға арналған заттар, бөтелкедегі су, құрал-жабдық, еріктілерге арналған сөмкелер мен қолғаптарды «Жаңа Адамдармен» бірге жинауға Орал халқы мен Астана қаласындағы жоғары оқу орындарында білім алушылар қолғабыс етті.

«Бәрімізге қатысты» орталықтарында зардап шеккен аймақтардағы адамдарға көмектесу үшін еріктілер топтары құрылып жатыр. Қазір жағдайға немқұрайлы қарамайтын адамдар арасынан Петропавл аймағына көмек қолын созу үшін еріктілер тобы жиналуда. Бізге қосылу үшін мына нөмірге қоңырау шалыңыз: 8 707 070 40 50. «Бәрімізге қатысты» орталықтарына келіңіз: Астана - Мәңгілік Ел, В2.2, Алматы - Байтұрсынов, 67, - делінген хабарламада.

Фото: видеодан скрин

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу