Белгілі журналистер шәкірт тәрбиелеуде

Мадина Қайнарова

  • 13.09.2024

Шығыс Қазақстан облысында журналистика мамандығының түлектері өңірлік БАҚ-та,  басшылық лауазымдарда өздерінің айрықша кәсіби қабілеттерін көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Жалпы журналистика мамандығының студенттері басқа мамандықтармен салыстырғанда қызметке ерте тұрып, қоғамдық жұмыстарға да ерте араласа бастайды. Өйткені олардың теориялық білімі тәжірибемен, шығармашылықпен ұдайы ұштасып отыруға тиіс.

- Сәрсен Аманжолов университетінің «Журналистика» мамандығынан түлеп ұшқалы он жылдан астам уақыт болыпты. Альматерді сағынамыз. Он жыл бұрынғы сәттерді еске түсірсем, студенттік кездің бәр ләззатын сезіне алмай кеткен секілдіміз. Бірінші курстан бастап қызметке араласып кеттік: бірі телеарнада, бірі радиода, бірі радиода. Ал мұндай мүмкіндікті бізге берген университеттегі мұғалімдеріміз ғой. Осы екінші аналарымызға алғысымыз шексіз. Бірінші курсты аяқтағаннан кейін «КТВ-5» телеарнасында жұмысым басталды, осылай телеарнада алғашқы қадамдарымды жасадым. Одан кейін облыстық телеранада таңғы және кешкі хабарларды жүргіздім. 2016 жылдан бері Қазспорт телеарнасында редактор болдым, қазір арнайы жобалар редакторымын. Түрлі елдер барып, халықаралық бәсекелерден, олимпиадалардан, әлем чемпионаттарынан хабар тараттым. ШҚУ-дан алған білімімді іс жүзінде қолдана алдым деп мақтанышпен айтамын, - дейді «Журналистика» мамандығының түлегі Азат Смагулов.

Айта берсек, түрлі БАҚ-тарда табысты жұмыс істеп жүрген түлектердің қатары қалың. Сондай-ақ өзі оқыған білім ордасында дәріс оқып, жас та болса шәкірт тәрбиелеп жүргендер де бар.

Осындай түлектердің бірі - облыстық «Менің өлкем» газетінің бас редакторы Талғатжан Мұхамадиев. Ол біраз жыл «Журналистика» мамандығының студенттеріне дәріс оқып, ұстаздықпен айналысқан болатын. Қазір ол қалалық кітапханадан өзінің «Жас тілші» деп аталатын үйірмесін ашып, болашақта осы мамандықты таңдауға ниет танытқан оқушыларға бағыт-бағдар береді.


 - «Жас тілші» үйірмесі Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы кітапханада екі жыл бұрын ашылды. Үйірмеге келгендерге мақала жазуды, ақпаратпен жұмыс істеуді, камера алдында сөйлеуді үйретеміз. Газет, радио, телеарна, сайт пен баспасөз қызметінің жұмысымен таныстырамыз. Тек теория жүзінде емес, практика ретінде редакцияларға апарып, көзбен көрсетіп, қолмен ұстатып дегендей, жұмыс барысын көрсетеміз. Адаммен тіл табыса білу, көпшілік алдында сөз сөйлей алу тұрғысынан да білгенімізді үйретеміз. Одан кейін облыстағы айтары бар, тәжірибелі журналистермен кездесу өткізіп тұрамыз. Мысалы, өткен жылы «Қазақстан» ұлттық арнасының облыстағы меншікті тілшісі Олжас Керейханмен, «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Мерей Қайнарұлымен, «Хабар-24» арнасының меншікті тілшісі Анель Есенбердинамен, «Алтай» телеарнасының директоры Берік Көшербаймен, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың баспасөз қызметінің жетекшісі Қарлығаш Қанатқызымен кездесулер өткізілді. Үйірме тегін. 9-11 сынып оқушылары, студенттер жазыла алады. Қазіргі студенттер газетке мақала жазудан гөрі, видеоконтент жасауға қызығады. Бірақ бәрі солай деуге келмес. Кітап оқуға қызығып, қаламымен көлемді дүниелер тудыруға ниетті жастар да бар, - дейді Талғатжан Мұхамадиев.

Фото: университет архивінен 

Байланысты жаналықтар

«Болашақ» бағдарламасына жас шектеуі енгізіледі

16.04.2025

Құдағиы мен құрбыларын ерткен Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамда қарсы алды

14.04.2025

Ғылым күнінде жұмыссыз қалған ғалымдар дабыл қақты

13.04.2025

Бүгін – ғылым қызметкерлерінің күні

12.04.2025

ШҚО әкімі жас ғалымдарды Ғылым күнімен құттықтады

11.04.2025

"Бәрі өтпейді" - Асқар Жұмаділдаев Жаңа академия құрамына қатысты сұраққа жауап берді

09.04.2025
MalimBlocks
«Болашақ» бағдарламасына жас шектеуі енгізіледі

Құдағиы мен құрбыларын ерткен Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамда қарсы алды

Ғылым күнінде жұмыссыз қалған ғалымдар дабыл қақты

В. Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты Ай мен планеталар физикасы зертханасының қызметкерлері не себепті жұмыстан босатылғанын түсіндіруге тырысты

Бүгін – ғылым қызметкерлерінің күні

ШҚО әкімі жас ғалымдарды Ғылым күнімен құттықтады

Ғылым апталығы аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-де XI Халықаралық конференция өтті

"Бәрі өтпейді" - Асқар Жұмаділдаев Жаңа академия құрамына қатысты сұраққа жауап берді

Еліміздегі біраз реформалардан соң Қазақстанда екі ғылым академиясы жұмыс істеп келді. Ескі академиядан жаңаға өту үшін не істеу керек? Іріктеу қалай болады? Бұл туралы академик Асқар Жұмаділдаев жауап берді