Оқу-ағарту министрі жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қазақстандықтарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Ғани Бейсембаев Instagram-дағы парақшасында Білім күнімен құттықтауын жеткізіп, жаңа оқу жылын біз үлкен жоспарлармен, үкілі үмітпен бастап отырғанын айтты.
— Құрметті әріптестер! Қадірлі ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар! Бүгін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі білім ордалары өз есігін айқара ашады. Жаңа оқу жылын біз үлкен жоспарлармен, үкілі үмітпен бастап отырмыз. Сіздердің әрқайсыңыз еліміздің болашағы үшін өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Биылғы оқу жылы оқушыларымыз бен ұстаздарымызды жаңа биіктерді бағындыруға шабыттандыратын жетістіктер мен жеңістерге толы болсын деп тілеймін! Білім күні құтты болсын! — деп жазды Бейсембаев.
Айта кетейік, бүгін 360 мың бала мектеп табалдырығынан алғаш рет аттады.
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Ең көп оқылған
