Биыл елімізде 186 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді

Сондай-ақ 150 мыңнан астам колледж бітіруші диплом иеленіп, толыққанды маман болады.

Malim Админ

  • 24.05.2024

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бір жылда атқарылған жұмысты қорытындылап, балалардың өз мұғалімдеріне, мектеп ұжымына, ата-аналарына алғыс айтуына мүмкіндік беретінін атап өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Бүгін сіздермен бірге еліміздегі төрт миллионға жуық оқушы келесі сыныптарға ауысады. Бір жылда сіздер есейіп, оқуда, шығармашылықта, спортта үлкен жетістіктерге жеттіңіздер. Осы оқу жылында біздің оқушылар 10 халықаралық олимпиадада 243 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 20 алтын, 95 күміс, 128 қола медаль бар. Сіздердің әрқайсыларыңыз өз нәтижелеріңізбен мақтана аласыздар! Сіздерді шын жүректен құттықтаймын және мұнымен тоқтап қалмауларыңызды тілеймін! - деді ол өз құттықтауында.

Министр сондай-ақ су тасқынымен күресте алдыңғы қатарда болып, көмекке жұмылған қазақстандық педагогтерге алғысын білдірді.

Қиындықтарға мойынсұнбай, балаларымызды оқытуды жалғастырдыңыздар, мектептерді құтқарып, мұқтаж жандарға қолдау көрсеттіңіздер және ағартушылық миссияны адал атқардыңыздар. Сіздердің ерен еңбектеріңіз бен ұстаздық кәсіпке адалдықтарыңыз үшін ең шынайы ризашылығымды білдіремін, - деді Ғани Бейсембаев.

Айта кету керек, 2023-2024 оқу жылын 3,8 млн-нан астам оқушы аяқтауда.

Оның ішінде 186 мыңнан астам 11-сыныпты бітіруші бар. Сондай-ақ 150 мыңнан астам колледж бітіруші диплом иеленіп, толыққанды маман болады.

Фото: astana-akshamy.kz

Байланысты жаналықтар

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

Биыл түлектер емтиханды қай күндері тапсырады?

11.05.2025

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

08.05.2025

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

08.05.2025

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған

06.05.2025
MalimBlocks
Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

Биыл түлектер емтиханды қай күндері тапсырады?

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған