Биыл елімізде қанша бала мектепке барады?

Республика бойынша барлығы 7859 мектеп жұмыс істейді

Malim Админ

  • 16.08.2024

1 қыркүйектен бастап 7,9 мың білім беру ұйымында 3,9 млн бала оқиды, оның 360 мыңы – бірінші сынып оқушылары. Бүгінгі таңда 336 мың бала қабылданды. Бірінші сыныпқа оқушыларды қабылдау бойынша Ақмола, Алматы, Жетісу, Павлодар облыстары 100 пайыз көрсеткішке қол жеткізген. 


Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтің айтуынша, республика бойынша барлығы 7859 мектеп жұмыс істейді. Оның 6387-сі жақсы жағдайда.

2024-2025 оқу жылында Астанадағы жалпы білім беретін мектептердің бірінші сыныбына 28 мың баланы қабылдау жоспарланып отыр. Бүгінгі күнде 24 100 бала қабылданды. Оның ішінде қазақ сыныбын 15 226 (62%) бала, орыс сыныбын 9264 бала (38%) таңдаған. Оқу жылының басында елордада 282 150 оқушы оқитын 187 мектеп болады. Оның ішінде 110 мектеп – мемлекеттік (233 006 бала), 70 мектеп – жекеменшік (42 674 бала) және 7 республикалық мектеп (6 470 бала). Бұл туралы қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

«Оқу жылының соңында қалада 8 үш ауысымдық және бала саны шамадын тыс 16 мектеп болды. Мектептердегі орын тапшылық 27 800 мың оқушы орнын құрады. Осы мәселені шешу үшін биыл бір ауысымда 49 790 мың орынға арналған 32 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде бір ауысымда 30 290 мың орынға есептелген 21 мектепті жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Қыркүйек айында бір ауысымда 15 850 мың орынға арналған 12 мектеп пайдалануға беріледі (3 – БИП, 8 – Жайлы мектеп, 1 – жекеменшік мектеп).
Желтоқсан айында бір ауысымда 14 440 орындыққа арналған қосымша 9 мектеп (7 – Жайлы мектеп, 2 – жекеменшік мектептер) пайдалануға беріледі», – деді басқарма басшысының орынбасары. 

Фото: arainfo.kz

Байланысты жаналықтар

Олжас Бектенов мектептегі тамақ сапасын жақсартуды тапсырды

19.11.2024

Мемлекет балалардың білім алуы үшін ашылған депозитке ақша салмақ

13.11.2024

Кітап оқудың парқы

04.11.2024

Оқушылар күзгі демалыста неше күн демалады?

23.10.2024

Маңғыстаулық педагогтар эвристикалық тағылымдамадан өтеді

17.10.2024

«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қоры мектептегі тамақ сапасына қатысты әлеуметтік мониторингті бастады

15.10.2024
MalimBlocks
Олжас Бектенов мектептегі тамақ сапасын жақсартуды тапсырды

Премьер-министр Тамақтану стандартын әзірлеудің президент тапсырмасы екенін айтты

Мемлекет балалардың білім алуы үшін ашылған депозитке ақша салмақ

Мемлекет тарапынан автоматты түрде 60 АЕК (220 мың) теңге көлемінде қаражат құйылады

Кітап оқудың парқы

Кітап адамды ой түзуге үйретіп, мейірімділікке шақырады. Көзді ашады, оқығанды жақындастырады. Білгенімізге жаңа білім қосып, жадты жаңғыртуға көмектеседі.

Оқушылар күзгі демалыста неше күн демалады?

Олардың демалысын тиімді өткізу үшін "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады

Маңғыстаулық педагогтар эвристикалық тағылымдамадан өтеді

Олар «Demeu 2.0» әлеуметтік жобасы аясында білім алады

«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қоры мектептегі тамақ сапасына қатысты әлеуметтік мониторингті бастады