freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бағдат Мусин жеке деректердің таралғанын қалай тексеруге болатынын айтты

Қоғам
Бағдат Мусин жеке деректердің таралғанын қалай тексеруге болатынын айтты
Фото: freepik.com

Қазақстандықтар жеке деректерінің интернетке таралған-таралмағанын тегін тексере алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, кибералаяқтықпен күресте заңнамалық және техникалық тетіктермен қатар азаматтардың цифрлық сауатын арттыру да маңызды. Осы мақсатта мемлекет бірнеше тегін цифрлық сервис пен білім беру платформасын іске қосқан.

– NomadGuard платформасы арқылы азаматтар жеке деректерінің интернетке таралған-таралмағанын тексеріп, фишингтік сілтемелерді анықтай алады. Сонымен қатар eGov Mobile қосымшасындағы «Стоп-кредит» сервисі өз атына несие рәсімдеуге ерікті түрде тыйым салуға мүмкіндік береді. Ал дербес деректерге қолжетімділікті бақылау сервисі жеке мәліметтерді өңдеуге қай ұйымдарға келісім берілгенін көруге және қажет болған жағдайда оны кері қайтарып алуға жағдай жасайды, – деді Досжан Мұсалиев.

Вице-министрдің сөзінше, кибермәдениетті қалыптастыру үшін тегін білім беру ресурстары да қолжетімді. Атап айтқанда, UNICEF ұйымымен бірлесіп әзірленген eGov платформасындағы онлайн курс балалар мен ата-аналарға кибербуллингтен қорғану, онлайн-грумингтің алдын алу, дербес деректерді қорғау және интернетті қауіпсіз пайдалану жолдарын үйретеді.

Бұдан бөлек, CitizenSec платформасында азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерге арналған кибергигиена негіздері бойынша тегін оқу курстары бар.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу