457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Биыл оқу жылын қанша оқушы аяқтайды?

Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының аяқталуы және осыған байланысты еліміз бойынша жоспарланған іс-шаралар туралы баяндады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

"Биылғы оқу жылын 3,9 млн оқушы аяқтағалы отыр. Оның ішінде бастауыш сыныпты – 391 мың, негізгі мектепті – 364 мың бала бітіреді. Мектеп бітірушілер саны – 217 мың. "Алтын белгіге" үміткерлер саны алдыңғы жылдардағыдай 5%-дан аспайды",— деді министр.

Оның айтуынша, оқу жылын "Білім – Отаным" бірыңғай сынып сағаттарын өткізумен аяқтау жоспарланып отыр.

Аттестаттарды тапсыру салтанатты рәсімі 18-20 маусымға белгіленді.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 9 және 11 сынып түлектерінің қорытынды емтихандары 29 мамырдан 16 маусымға дейінгі аралықта өткізіледі.

Колледж студенттерінің саны 

Биыл колледждерде 550 мыңнан аса студент білім алды, 173 мыңы оқу бітірді.

Фото: Zakon.kz