Қандай суретті салуға болмайды? ҚМДБ жаңа үкім шығарды

Тірі жанның суретін салу. Бұл – ғұламалардың арасында тартысты мәселе

Malim Админ

  • 16.01.2025

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы сурет салуға байланысты ислам дініндегі үкім қандай екенін түсіндірді, деп хабарлайды Malim.kz.  


Мүфтият мәліметінше, дін ғалымдары сурет салудың үкімін екіге бөліп қарастырады.

Жансыз заттардың суретін салу. Төрт мәзһабтың (ханафи, мәлики, шафиғи, ханбали) ғалымдары жансыз нәрселердің суретін салуға рұқсат етілгендігіне бірауыздан келіскен. Ибн Аббастан жеткен риуаятта сурет салушыға: «Бұдан басқа жұмыс жасай алмасаң, мына ағаштың суретін немесе кез келген жансыз затты бейнеле», деген.

Тірі жанның суретін салу. Бұл – ғұламалардың арасында тартысты мәселе. Жұмһур (ханафи, шафиғи, ханбали) ғалымдары тірі жанның толық бейнесін салуға тыйым салған. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Қиямет күні қатты азапқа тартылатындар – суретшілер», – деген, делінген ҚМДБ хабарламасында.

Ғұламалар кеңесі ислам ғалымдарының пікірлері мен мазһабтардың талап-тәртібін ескеріп мынадай төрт шешім шығарды:

Жансыз заттың суретін салуға рұқсат етіледі.

Білім беруде, ғылыми мақсатта жаны бар нәрсенің суретін салудың оқасы жоқ.

Тәрбиелік мәні бар, шариғаттың қағидаттарына қайшы келмейтін мултьфильмдерді шығаруға болады.

Пайғамбарлардың бейнесін бейнелеу – харам.

Фото: ru.freepik.com  

Байланысты жаналықтар

«Болашақ» бағдарламасына жас шектеуі енгізіледі

16.04.2025

Құдағиы мен құрбыларын ерткен Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамда қарсы алды

14.04.2025

Ғылым күнінде жұмыссыз қалған ғалымдар дабыл қақты

13.04.2025

Бүгін – ғылым қызметкерлерінің күні

12.04.2025

ШҚО әкімі жас ғалымдарды Ғылым күнімен құттықтады

11.04.2025

"Бәрі өтпейді" - Асқар Жұмаділдаев Жаңа академия құрамына қатысты сұраққа жауап берді

09.04.2025
MalimBlocks
«Болашақ» бағдарламасына жас шектеуі енгізіледі

Құдағиы мен құрбыларын ерткен Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамда қарсы алды

Ғылым күнінде жұмыссыз қалған ғалымдар дабыл қақты

В. Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты Ай мен планеталар физикасы зертханасының қызметкерлері не себепті жұмыстан босатылғанын түсіндіруге тырысты

Бүгін – ғылым қызметкерлерінің күні

ШҚО әкімі жас ғалымдарды Ғылым күнімен құттықтады

Ғылым апталығы аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-де XI Халықаралық конференция өтті

"Бәрі өтпейді" - Асқар Жұмаділдаев Жаңа академия құрамына қатысты сұраққа жауап берді

Еліміздегі біраз реформалардан соң Қазақстанда екі ғылым академиясы жұмыс істеп келді. Ескі академиядан жаңаға өту үшін не істеу керек? Іріктеу қалай болады? Бұл туралы академик Асқар Жұмаділдаев жауап берді