Қазақстандық зерттеулер әлемдік ғылыми орталарға шығып жатыр
 
                                IMAGE: ©dku.kz
Ғылым және жоғары оқу министрлігінің құрылуы – елімізде ғылымның бұдан былай басты назарда болатынын көрсетті.
Өкінішке қарай, қазақстандықтар отандық ғалымдардың жетісіктерімен таныс болмағасын, елімізді ғылымда кенже қалған деген кереғар пікір тудырып жүр. Бұл орайда ғылымды қолдаудан кейін, ғалымдарды насихаттау жұмыстарын арттыру керегі анық көрінеді.
2025 жылы еліміздің ғалымдары әлемдік деңгейдегі ғылыми жиындарға қатысуы айтарлықтай болды. Мысалы, 5-9 қазан күндері Хонолулуде қимыл дерттеріне қатысты MDS 2025 атты конгресс өтті. Конгреске Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясының профессоры Жарқынбекова, доценті Қайыржанов сынды медик ғалымдар қатысып, өздерінің Alkaline Ceramidase 3 (ACER3) затының ерте нейродегенерация мен лейкодистрофияның дамуына әсерін ортаға салды. Қазақстандық ғалымдар әлемдік деңгейдегі әріптестерінің алдында осы дерттің механизмдерін зерттеу нәтижесін паш етті.
Сонымен бірге, бүгінгі кезек күттірмес мәселелер бойынша нақты шешім ұсынатын зерттеулер де баршылық. Оның ішінде – соңғы кездері Каспий теңізінің қайраңдау мәселесіне қатысты ғылыми ізденістерді атап өтуге болады. Биыл Қазақ-неміс университеті (Deutsch-Kasachischen Universität – DKU) мен Есенов университетінің ұйымдастыруымен Каспийдің экологиялық мәселесі мен жасыл технологиялар мәселесі жөнінде ғылыми кеңес өтті. Кеңес барысында қазақстандық және германиялық ғалымдар мен бизнес өкілдері аталған мәселелерді шешудегі бүгін ғылымға белгілі тәсілдер мен шешімдерді талқылады.
Бұдан басқа, жергілікті әрі салалық мазмұндағы ғылыми зерттеулер баршылық. Тек осы жұмыстарды насихаттау жағына көңіл бөлу, ғылыми-көпішілік, танымдық форматта үгіттеуді қолға алу керек.
 
                         
                         
                                                     
                                                     
                                                     
                                                     
                                                     
                                                    