ШҚО әкімі жас ғалымдарды Ғылым күнімен құттықтады

Ғылым апталығы аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-де XI Халықаралық конференция өтті

Сұлу Бөлек

  • 11.04.2025

Ғылым апталығы аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-де XI Халықаралық конференция өтті. "Жастар шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуына" атты конференцияға студенттер, магистранттар, докторанттар және жас зерттеушілер қатысты. Шараның мақсаты – жас ғалымдарды жан-жақты қолдау, олардың әлеуетін дамыту, білім мен тәжірибе алмасу, кәсіби байланыстар орнату.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов конференция қатысушыларын құттықтап, бірқатар ғалымдарға алғыс хаттар табыс етті.

"Сіздерді Ғылым күнімен құттықтаймын және сәтті, шығармашылыққа толы Ғылым апталығын тілеймін! Шығыс Қазақстан облысы – еліміздегі ең инновациялық аймақтардың бірі. Біздің ғалымдар келешегі зор бағыттарды дамытып, жаңа материалдар мен технологияларды жасап жатыр. Олар студенттер мен жас әріптестерін зерттеу жобаларына белсенді тартып жатыр, әрі өңір мен елдің дамуына зор үлес қосып келеді", – деді аймақ басшысы.

Ол ғылым мен инновацияның одан әрі дамуы аймаққа инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және халықтың өмір сапасын арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Айта кетейік, ШҚТУ ғалымдары қазір аддитивті өндіріс, материалдарды өңдеудегі инновациялар, геоақпараттық жүйелер және басқа да көптеген салалардың жобаларын іске асыруда. Конференция барысында осы жобалардың кейбірі таныстырылды.

"Мен жас ғалым ретінде Ғылым апталығына белсенді қатысып келемін. Менің жобам "Шиберлі ысырма түйіспелі беттерінің тозуға төзімділігін арттыру" деп аталады. Жобамның негізі – әртүрлі дәнекерлеу материалдарын қолдану", – деді қауымдастырылған профессор, PhD докторы Риза Ғабдысалық.

Ол бүгін мемлекет жас зерттеушілерге ғылыми жұмыстармен айналысу үшін барлық мүмкіндіктерді ұсынып отырғанын айтты.

"Мен республикалық байқауда жеңімпаз атанып, өз жұмысымды постдокторантурада жалғастыру үшін мемлекеттік қаржыландыруға ие болдым", – деді жас ғалым.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры Сауле Рахметуллина ғалымдарды қолдау шараларына гранттық қаржыландырумен қатар, мемлекет тарапынан берілетін тегін тұрғын үй, жеңілдетілген ипотека және шетелдік әріптестермен байланыс орнатуға мүмкіндік беретін ғылыми тағылымдамалар да кіретінін атап өтті.

Фото: ШҚО әкімі ұсынған сурет 

Байланысты жаналықтар

Ғылым күнінде жұмыссыз қалған ғалымдар дабыл қақты

13.04.2025

ШҚО-да ҚХА кеңесінің отырысы өтті

11.04.2025

ШҚО-да инвестициялық және әлеуметтік-экономикалық жобаларды белсенді іске асыру жалғасып жатыр 

09.04.2025

ШҚО-да қаржылық қауіпсіздік бойынша алғашқы Ұлттық олимпиадаға дайындық басталды

08.04.2025

Шығыс Қазақстанда екі әуежайдың құрылысы басталды

28.03.2025

Өскеменде республикалық ақындар айтысы өтті

10.03.2025
MalimBlocks
Ғылым күнінде жұмыссыз қалған ғалымдар дабыл қақты

В. Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты Ай мен планеталар физикасы зертханасының қызметкерлері не себепті жұмыстан босатылғанын түсіндіруге тырысты

ШҚО-да ҚХА кеңесінің отырысы өтті

Нұрымбет Сақтағанов ШҚО ҚХА кеңесінің отырысын өткізді

ШҚО-да инвестициялық және әлеуметтік-экономикалық жобаларды белсенді іске асыру жалғасып жатыр 

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының сегізінші шақырылымының XX сессиясында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов облыс дамуының Жоспарын орындау және 2024 жылға арналған облыстық бюджет туралы егжей-тегжейлі есеп берді

ШҚО-да қаржылық қауіпсіздік бойынша алғашқы Ұлттық олимпиадаға дайындық басталды

Шығыс Қазақстанда екі әуежайдың құрылысы басталды

Өскеменде республикалық ақындар айтысы өтті