"Үйде дайындалған": ҰБТ-дан 140 балл жинаған оқушы сыйлыққа көлік алды

Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарап, жұрт сүйсініп те отыр

Арман Қайыпхан

  • 03.07.2024

Ол – биылғы ҰБТ тарихындағы 140 балл жинаған 3 оқушының бірі, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 140 балл жинаған Жаннұр Еңсебекті құттықтап, ата-анасына алғыс білдірген еді.

Одан бөлек оқушыға Алматы облысының әкімі 500 мың теңге табыстаған.

ҰБТ тапсырар алдындағы түні мүлдем ұйықтай алмадым. Сосын тестілеу орталығына барғанда барлық сұрақтар оңай болып көрінді. Екі сағаттың ішінде барлық сұраққа жауап беріп үлгердім. Қалған бір жарым сағат уақыт жауапты тексеруге кетті. 140 балл жинағанымды көргенде, қуанышымда шек болған жоқ, – дейді Жаннұр.

Оқушы ҰБТ-ға дайындайтын ақылы курстарға уақыт жоғалтпай, үйде онлайн дайындалғанын айтады. Оқушының айтуынша, ол күн сайын математика мен информатика есептерін шығару бойынша 6-8 сағат жұмсаған. 11 жыл үздік оқыған түлек – «Алтын белгіге» үміткер. Ол ҰБТ-ны «Математика-Информатика» комбинациясы бойынша Алматы облысының Есік қаласында тапсырған.  Жаннұр қазір университет таңдап жатқанын айтады. Білімді оқушы IT саласында білім алуды жоспарлап отыр.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Рөлі оң жақта орналасқан көліктерге қатысты ескерту жасалды

26.09.2024

Қостанайда мас адам дәрігердің көлігін рұқсатсыз мініп кеткен

23.09.2024

Елімізде оқушылар арасында 1500 балаға 1 психологтан келеді – Динара Зәкиева

22.09.2024

Алматы облысында оқушыны қатарластары соққыға жыққан (ВИДЕО)

21.09.2024

Алматыда 12 жасар қыз бала 13 қабаттан құлап, көз жұмды

21.09.2024

Оқушы сабаққа бармай, шахтадан алтын іздеген

20.09.2024
MalimBlocks
Рөлі оң жақта орналасқан көліктерге қатысты ескерту жасалды

Қостанайда мас адам дәрігердің көлігін рұқсатсыз мініп кеткен

Дәрігер науқасқа келген

Елімізде оқушылар арасында 1500 балаға 1 психологтан келеді – Динара Зәкиева

Балалар омбудсмені жұмысты ақсатып тұрған әкімдіктерді кінәлады

Алматы облысында оқушыны қатарластары соққыға жыққан (ВИДЕО)

Адвокаты қылмыстық істің баяу жүріп жатқанын айтады

Алматыда 12 жасар қыз бала 13 қабаттан құлап, көз жұмды

Полиция оның «Көк кит» ойнағанын жоққа шығарды

Оқушы сабаққа бармай, шахтадан алтын іздеген

16 қыркүйекте Степногор қалалық полиция басқармасына жасөспірімнің жоғалғандығы туралы хабар түскен.