Жасөспірім ұлдардың оқу үлгерімі неге төмен болады?

Ғалымдар жасөспірім ұлдардың сабақ үлгерімінің төмен болуы себебін анықтады

Сұлу Бөлек

  • 20.04.2025

Ғалымдар жасөспірім ұлдардың сабақ үлгерімінің төмен болуы себебін анықтады, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Нидерландыдағы Неймеген университетінің зерттеушілері жасөспірім ұлдардың оқу үлгерімі достарының мінез-құлқына байланысты деген мәлімдеме жасады. Зерттеу Research in Social Stratification and Mobility ғылыми журналында жарияланды.

"Әлеуметтанушылар Нидерландыда, Германияда, Англияда және Швецияда 14-16 жас аралығындағы 10 мыңнан астам мектеп оқушысының деректерін зерттеді. Төрт елде де ұлдар тілге қатысты пәндерден нашар нәтиже көрсетті. Математикадан олардың бағалары бастапқыда сәл жоғары болды, бірақ 15 жасқа келгенде, азайып кетті", – дейді зерттеушілер.

Зерттеушілер бұл тенденцияны достық ортамен байланыстырды. Себебі ұлдар бірігіп, тәртіп бұзуға бейім.

Біріншіден, жасөспірімдер өздерінің әлеуметтік ортасының әдеттерін қабылдайды. Егер достары жүйелі түрде сабаққа бармаса немесе сабаққа кедергі келтірсе, оқушының өзі де солай істей бастайды. Бұл оның бағасына сөзсіз әсер етеді;

Екіншіден, тәртіпті оқушыларға да кесірі тиеді. Мұғалімдер бұзық оқушыларға назар аударуға мәжбүр болса, бүкіл сыныптың оқу сапасы төмендейді.

"Негізгі себеп "ер" және "әйел" мінез-құлқы туралы дәстүрлі идеяларда жатыр. Жасөспірімдік шақта ұлдардың тентек және оқуға немқұрайлы болғаны қалыпты нәрсе болып қабылданады. Ал қыздарға керісінше көп талап қойылады”, – деді мамандар.

Бұл стереотиптер нашар циклді тудырады. Құрдастарының алдында мықты болып көріну үшін ұлдар саналы немесе бейсаналы түрде оқудан бас тартады. Бұл олардың ұзақ мерзімді перспективада мансаптық мүмкіндіктерін шектейді.

Фото: Pixabay.com 

Байланысты жаналықтар

Маңғыстаудағы көз жұмған жасөспірімнің ата-анасы мәлімдеме жасады

16.04.2025

Абай облысында 13 жастағы бала із-түзсіз жоғалып кеткен

10.04.2025

Анасын іздеп шыққан: Рудныйда жоғалып кеткен екі жасөспірім табылды

08.04.2025

Теміртаудағы зейнеткерді қатыгездікпен соққыға жыққан жасөспірімдер қамауға алынды

08.04.2025

Талдықорғанда жасөспірім зейнеткерді ұрып-соқты

07.04.2025

Қызылордада 16 жасар қызды секс-құлдыққа ұстаған басты күдіктілерге сот үкімі шықты

03.04.2025
MalimBlocks
Маңғыстаудағы көз жұмған жасөспірімнің ата-анасы мәлімдеме жасады

Абай облысында 13 жастағы бала із-түзсіз жоғалып кеткен

Абай облысында полиция 13 жастағы Қайратұлы Қайсар есімді жасөспірімді іздестіріп жатыр

Анасын іздеп шыққан: Рудныйда жоғалып кеткен екі жасөспірім табылды

Қостанай облысы Рудныйдағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған қолдау орталығынан 7 сәуірде шығып кеткен екі жасөспірімді полиция тапты

Теміртаудағы зейнеткерді қатыгездікпен соққыға жыққан жасөспірімдер қамауға алынды

Теміртауда зейнеткердің пәтеріне алдап кіріп, қорлық көрсеткен жасөспірімдер қамауға алынды

Талдықорғанда жасөспірім зейнеткерді ұрып-соқты

Қызылордада 16 жасар қызды секс-құлдыққа ұстаған басты күдіктілерге сот үкімі шықты