457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Сәтбаевта мас жүргізуші тротуарда тұрған жасөспірімдерді қағып кетті

Сәтбаев қаласында көлік жүргізушісі тротуарда тұрған жасөспірімдерді қағып кетті, - деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға 25 мамырда Абай көшесінде орналасқан дәмхана маңында болған. Ұлытау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші бірден ұсталған.

"Полиция қызметкерлері жүргізушіні бірден ұстады. Ол мас күйде болған. Жасөспірімдер медициналық тексерістен өтті, қазір олардың өміріне қауіп жоқ", – деді департамент өкілдері.

Бұл дерек бойынша материалдар сотқа жолданды. Жақын арада үкім шығарылады. Тергеу барысы облыстық ПД басшылығының бақылауында.

Бұған дейін Қордайда мектеп оқушылары жолдан өтіп бара жатқанда көлік қағып кеткен сәттің видеосы жарияланған болатын.

Фото: видео кадры