Бүгін, 7 және 8 қыркүйек аралығында Ай тұтылады. Аспан ашық болса, Қазақстанның барлық аймағынан жақсы көрінеді, деп хабарлайды Malim.kz.
zakon.kz басылымында астроном ғалым келтірген мәліметтерге сүйенсек, Жердің көлеңкесі Ай бетіне 1 сағ 22 мин бойы түсіп тұрады.
Ғалым Ай тұтылудың Алматы қаласы үшін уақытын да көрсетіпті.
Алматыда Айдың тұтылуы айқын түрде сағат 21:26-да басталып, айқын түрде сағат 00:56-да аяқталады.
Аспан ашық болса, жіберіп алмаңыз. Таныстарға да ескертіп қойыңыз.
Фото: видеодан скрин