«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі». Астанада зерттеу жұмыстары таныстырылды

Тарихи мұраларымен аты шыққан аймақтың археологиялық әлеуеті зор

Malim Админ

  • 10.09.2024

Астанада  «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты VIII халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференция өтті.  Елордада алғаш өткізілген басқосуға Шығыс Қазақстан облысы бойынша жүргізілген  зерттеу жұмыстары негіз болды. 


Тарихи мұраларымен аты шыққан аймақтың археологиялық әлеуеті зор. Ғалымдар мен зерттеушілер халықаралық ғылыми қоғамдастықты  бірнеше жылғы нәтижелі ісімен мойындатуды мақсат еткен. 

Жиын шеңберінде профессор Зейнолла  Самашев бастаған археологтар соңғы қазба жұмыстардың нәтижесін ортаға салып,  қорытындылады. Олардың ішінде Түркия, Өзбекстан, Ресей мен Әзірбайжан, Германиядан келген зерттеушілер де бар. Экспедиция құрамы 37 маманнан тұрады.   Конференцияда  жеті шетелдік ғалым  баяндама  жасады. 

Көрнекті археолог Жолдасбек Құрманқұловтың айтуынша, Алтайдың қойнауынды құнды жәдігер көп.

«Еліміздің өмірінде маңызы зор отырықшылық, тау-кен ісіне қатысты бірқатар сауалдарға жауап тапқымыз келді. Соның бір  нәтижесі Ақбауыр  кешеніндегі қазба жұмыстары. Тарихи мекеннен жиырмадан астам қоныс табылды. Сақтардың өндіріс орындары мен  егістік алқаптарын зерттедік. Ауқымды археологиялық еңбектер  екі ттомдық кітапқа жүк  болды. Бұған дейін де бірнеше  мәртте  конференция ұйымдасттырдық,  бірақ бұл шара тікелей Шығыс Қазақстан облысына бағытталды», -  дейді  ғалым.   

Конференцияда философия ғылымының докторы, Едітепе университетінің профессоры түркиялық ғалым Ахмет Ташағылдың “Қытай дереккөздері бойынша ежелгі түркі тарихы” атты баяндамасы ерекше талқыға түсті. Шараның модераторы тарих ғылымдарының докторы, профессор Зейнолла Самашев әр тақырыптың маңыздылығына тоқталып,  ғылыми негізді, терең талдаулармен жазылғандығын атап өтті. Археолог Мәдениет және ақпарат министрлігіне тың деректер қамтылған  еңбектерді қазақ тіліне аударуды ұсынды. 

Конференцияға археологтар, түркітанушылар, ірі ғылыми орталықтардың өкілдері, мәдениет және тарих саласының мамандары қатысты. Мәні терең мәжіліс ҚР Ұлттық музейінің  қолдауымен өтті.   

Байланысты жаналықтар

Дем алу мүмкін емес, Өскеменде емханаға баратын адамдар 11 пайызға көбейген

29.11.2024

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қызметінен кетті

28.11.2024

Маралдыда алтын өңдеу фабрикасы іске қосылды

26.11.2024

Бұқтырма су қоймасында балықшылар суға батып кетті

18.11.2024

Өскеменде студенттер экологиялық сауаттылығын арттырады

30.10.2024

Елімізде қайтыс болған донордың ағзасы 4 адамның өмірін сақтап қалды

28.10.2024
MalimBlocks
Дем алу мүмкін емес, Өскеменде емханаға баратын адамдар 11 пайызға көбейген

Адамдар жүрек айнуына, тамақ пен бас ауруына шағымданып жатыр

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қызметінен кетті

Жақсылық Омар Өскемен қаласының әкімі лауазымына 2018 жылдың тамыз айында тағайындалған

Маралдыда алтын өңдеу фабрикасы іске қосылды

Бұқтырма су қоймасында балықшылар суға батып кетті

Бірі 31-де, екіншісі 38 жаста

Өскеменде студенттер экологиялық сауаттылығын арттырады

«Таза Қазақстан» бағдарламасы бойынша 204 саябақ пен сквер, 323 тарихи-мәдени ескерткіш пен 859 әлеуметтік нысан тазартылды

Елімізде қайтыс болған донордың ағзасы 4 адамның өмірін сақтап қалды