Амангелді Айталы қайтыс болды

Ол 1999-2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.

  • 21.12.2022

Ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, жүзден астам ғылыми мақаланың, 5 монографияның авторы Амангелді Айталы 83 жасында қайтыс болды.

Бұл туралы Қазақстандық БАҚ-тар депутат Ерлан Саировқа сілтеме жасап, жазып жатыр.

«Амангелді Айталы ағамыз мәңгілікке аттаныпты. Парасаты мол, рухани тұңғиық азамат еді. Қазақтың рухани әлемін дамытуға өлшеусіз еңбек сіңірген қайраткер Амангелді Айталы ағамыздың туған-туыс, жақын-жекжаттарына қайғырып көңіл айтамыз», - деп жазды Саиров.

Ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы 1939 жылы 10 қыркүйекте туған.

1959-1964 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында;

1964-1967 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқыған.

Еңбек жолын 1959 жылы бастауыш сыныбының мұғалімі болып бастап, Ақтөбе мемлекеттік педагогика иниститутында аға оқытушы, философия және ғылыми коммунизм кафедрасының меңгерушісі, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор қызметтерін атқарған.

1999-2007 жылдары Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты болды.

2015 жылы ІІІ дәрежедегі «Барыс» орденімен және 2021 жылы ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған. ҚР Әлеуметтік академиясының академигі.

Байланысты жаналықтар

Euronews қазақ балеті туралы арнайы репортаж жасады

20.02.2025

Димаш халықаралық беделді сыйлықты қалай алды?

18.02.2025

"Боран" қандай фильм?

18.02.2025

"Есімдер": "Астана Балет" театры бірегей жоба өткізді

18.02.2025

Анам айтқан жалған сөздер

14.02.2025

Ғазиза Құдайбергенқызы - Алматыдағы ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың директоры

14.02.2025
MalimBlocks
Euronews қазақ балеті туралы арнайы репортаж жасады

Димаш халықаралық беделді сыйлықты қалай алды?

Әйгілі Rolling Stone журналы мақала жариялады

"Боран" қандай фильм?

"Есімдер": "Астана Балет" театры бірегей жоба өткізді

Анам айтқан жалған сөздер

Құлыным жей ғой, менің қарным ашқан жоқ» дейтін. Бұл оның үнемі айтатын жалған сөзі еді.

Ғазиза Құдайбергенқызы - Алматыдағы ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың директоры