Астанада Ахмет Байтұрсынұлын еске алуға арналған шаралар өтті

Кеш шымылдығы «Алтын домбыра» өнер мектебінің күйшілерінің орындауындағы «Науай» және «Башмотой» күйімен ашылды

Malim Админ

  • 05.09.2024

Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай елордада бірқатар мәні терең іс-шара өтті. Атап айтқанда, еске алу күні Қаламгерлер аллеясында орналасқан «Алаш қайраткерлері» ескерткішіне гүл шоқтары қоюмен басталды.


Астана қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы ұйымдастырған іс-шараға қала әкімінің орынбасары Есет Байкен, қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов, жазушылар, ақындар және қоғам қайраткерлері қатысты. 

Өз кезегінде Ерлан Каналимов бүгін ғалым, ағартушы, «Алаш» қозғалысының рухани көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні екенін атап өтті. 

«2017 жылы Үкіметтің қаулысымен 5 қыркүйекте Қазақстан халқының Тілдері күні ресми түрде бекітілді. Осыған байланысты бүгінде зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен ЖОО студенттері Жазушылар аллеясында орналасқан «Алаш» қозғалысы жетекшілерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды», – деді ол.

Сонымен қатар, елордадағы "Жастар" театрында Астана қаласының әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырумен "Ахмет – ұлт ұстазы" атты танымдық кеш ұйымдастырылды. Оған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері – Клара Төленбаева мен Ерлан Рысқали, "Дарын" Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ибрагим Ескендір, ақын-айтыскер Мейірбек Сұлтанхан, сондай-ақ "Жастар" театрының ұжымы қатысты. 

2017 жылы Үкімет қаулысымен 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып ресми бекітілген болатын. Осыған орай жыл сайын әртүрлі форматта іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл ізгі дәстүр бүгінде өз жалғасын тауып келеді. 

Кеш шымылдығы «Алтын домбыра» өнер мектебінің күйшілерінің орындауындағы «Науай» және «Башмотой» күйімен ашылды.

Ары қарай Ахмет Байтұрсынұлының әндері шырқалып, күйлері орындалды. Сондай-ақ, кешке қатысып, өнер көрсеткен Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері Ибрагим Ескендір сияқты әншілер кеш мерейін асырса, «Жастар театры» ұжымы Ахметтің өмірінен бір қиық көрініс қойып жұртты тәнті етті.

Ал кешке келген көрермендер ұлт ұстазының әлі де ашылмай жатқан қырларының көп екенін айтады.

«XX ғасырдың басында «Қазаққа қызмет етпей қоймаймын» деген Әлихан бастаған мемлекетшіл көсемдер алаш баласын бостандыққа жетеледі. Міне осы жолда аянбай еңбек еткен тұлғалардың бірі және бірегейі ол – Ахмет Байтұрсынұлы. Ол қазақтың әліпбиін жасап берді. Сонымен қатар, ол ән де, күй де шығарған тұлға. Демек ұлт ұстазы деген атқа нағыз лайықты адам болып өмір сүрді. Оның қазаққа сіңірген еңбегінің ұшан теңіз екенін болашақ әлі талай талқыға салатын болады. Бір сөзбен айтқанда Ахметтің туған күні, ол қазақ тілінің мерейтойы, ол алаш жұртының кеудесін мақтаныш кернеп, рухының көтерілетін күні» – дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР көркем академиясының академигі Марат Әбсемет.

Сонымен қатар, Тілдер күні аясында елордада дәрістер, Ашық сабақтар, білім беру конкурстары, дөңгелек үстелдер мен конференциялар өтті.

Фото: Gov.kz  

Байланысты жаналықтар

«Астана» мен «Челси» арасындағы матч билеттері сатылымға шықты

24.11.2024

Астанада есік сындырып, бүреудің көлігін тепкілеген бұзақылар жазаланды

23.11.2024

Елорда аспанында жойғыш ұшақтар жаттығуы өтеді

23.11.2024

Астанада автобус отқа оранды

21.11.2024

Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

21.11.2024

Астана 4 бала көз жұмған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

17.11.2024
MalimBlocks
«Астана» мен «Челси» арасындағы матч билеттері сатылымға шықты

Бірқатар қауіпсіздік шарасы қарастырылған

Астанада есік сындырып, бүреудің көлігін тепкілеген бұзақылар жазаланды

Жыл басынан бері сондай 270-тен аса адам жауапқа тартылған

Елорда аспанында жойғыш ұшақтар жаттығуы өтеді

Олар түрлі-түсті бояулар шашады

Астанада автобус отқа оранды

Өрттің себебі анықталуда

Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

Іздеуде жүрген адамдарды тануға, құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеуге мүмкіндік береді

Астана 4 бала көз жұмған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

Үй шатыры өрнетіп, шатыр құлаған