«Біздің таланттар» байқауының іріктеу кезеңі өтті

Malim Админ

  • 08.04.2023

Астанада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында «Біздің таланттар» республикалық байқауының қалалық іріктеу кезеңі өтті.

Байқау мүмкіндігі шектеулі балалардың талантын ашу мақсатын көздейді. Республикалық байқаудың I (қалалық) іріктеу кезеңіне 80-ге жуық ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала қатысып, өз өнерлерін көрсетіп жатыр.

«Өнер байқауы осымен екінші рет өткізіліп жатыр. Оған 3 пен 10 жас аралығындағы балалар қатысуда. Олар сахнада ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетеді. Бастысы, әр бала назардан тыс қалмайды. Ал байқау соңында өнерпаздарға грамоталар мен сыйлықтар табыс етеміз», – деді Астана қаласы Білім басқармасының жалпы орта білім берудің мазмұны мен әдістеме бөлімінің бас маманы Гүлшат Исинова.

Байқауға 3 пен 10 жас аралығындағы 80-ге жуық бала қатысып жатыр. Олар 6 номинация бойынша өнер көрсетеді. Олардың қатарында «Алтын дауыс», «Үздік декларатор», «Кішкентай биші», «Жаңа бастаған әртіс», «Оркестр» және «Бармағынан бал тамған» номинациялар бар.

«Бүгінгі байқауға 6 жастағы қызымды алып келдім. Медина «Алтын дауыс» номинациясы бойынша «Мама – первое слово» әнін орындайды. Қызымның көңіл-күйі – жақсы. Таңертең үйден шыққанда «Көйлегімді киіп, сахнаға шығып, ән айтамын» деп келді. Әрбір ананың жүрегі балам деп соғады. Қызым сахнаға шығып, өнер көрсеткенде уайымдаймын», - деді ата-ана Меруерт Мұхамеджанова.

Жалпы қазіргі уақытта Астанада ерекше қажеттілігі бар балаларды әлеуметтік бейімдеу, интеграциялау және әлеуметтендіру мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Табысты әлеу¬меттену шартының бірі – баланың шығармашылықтың сүйікті түрімен айналысып, құрдастарымен қарым-қатынас жасаудың табиғи тәжірибесін және жағымды әсерін алуы. Сондықтан қазіргі заманғы арнайы білім беру жүйесінің басым бағыты – жас ұрпақтың бойында шығармашыл тұлғаны дамыту. Психологиялық тұрғыдан алғанда, мектеп жасына дейінгі балалық шақ – шығармашылық қабілеттің дамуына қолайлы жағдай жасау. Бұл жаста балалар өте ізденімпаз, олардың айналадағы әлемді білуге деген құлшынысы орасан.

Бүгінгі басты мақсат – осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандыру. 

Байланысты жаналықтар

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

16.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

11.04.2025

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

11.04.2025

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

09.04.2025

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

06.04.2025
MalimBlocks
Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

Форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

Тамыры терең тарихпен астасқан мәдени мұра мекені — Ұлытауды бірге аралап, ерекше әсерге бөленейік!

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

Әділет министрлігі қазақ әндерін Instagram-ға қайтарғалы жатыр

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесінің туындысы Еуропа тыңдарманының көңілінен шыққан.

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

Бұл – қазақтың дәстүрін, киелі Маңғыстау мұрасын және түркіхалықтарының тарихын кеңінен насихаттауға арналған бірегей мәдени кеңістік