Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстанның «алтыны» көп пе, әлде, Өзбекстандікі ме?

- Азия чемпионаты тұңғыш рет 1963 жылы Таиландтың Бангкок қаласында ұйымдастырылды.
- Чемпионат осыған дейін 15 елде өтті. Жарысты ең көп қабылдаған ел – Таиланд (7 мәрте)
- Командалық есепте ең көп топ жарған – Оңтүстік Корея. Олар 1963 жылдан бері 11 рет командалық есепте бірінші орын алды.
- Азия чемпионатын өткізбеген елдердің бірі – Қазақстан. 2008 және 2012 жылдары Астанада Азия құрлығы бойынша Олимпиада ойындарының іріктеу турнирі ұйымдастырылды. Бірақ, бұл жарыстар ресми түрде Азия чемпионаты болып есептелмейді.
- Қазақстан боксшылары үшін 2002 жылғы чемпионат сәтсіз өтті. Малайзияның Серембан қаласында өткен жарыста біздің жігіттер бірде-бір алтын медаль ала алмады – 1 күміс, 4 қола.
- Қазақстан құрамасының боксшылары Азия чемпионатының тарихында 42 алтын медаль жеңіп алды. Оның ішінде: Болат Жұмаділов (1994, 1995), Болат Ниязымбетов (1994, 1995), Ермахан Ибрайымов (1995, 1999), Бақыт Сәрсекбаев (2005, 2007), Серік Сәпиев (2007, 2009), Данияр Елеусінов (2013, 2015), Иван Дычко (2013, 2015) – 2 дүркін Азия чемпиондары. Ал, Василий Левит Қазақстан боксының тарихында 3 дүркін жеңімпаз атанған жалғыз боксшы (2009, 2015, 2017). Бұл жерде 2008 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев туралы айта кетсек болады. Бақыт та Азияны үш рет ұтқан. Бірақ, оның 2002 жылғы алтын медалі Өзбекстанның үлесінде.
Өзбек демекші, «ала тақиялы» көршілеріміздің де осыған дейінгі Азия чемпионатында жеңіп алған алтын медальдар саны – 42.
- Бір ғана Азия чемпионатынан ең көп алтын медаль алған Өзбекстан құрамасы. Өзбектер 2017 жылы өз жерінде өткен жарыста 10 салмақтың 9-да топ жарды.
- Қазақстан құрамасы 1994 жылдан бері командалық есепте 5 рет бірінші орынға ие болды. Өзбекстан құрамасы да сондай - 5 рет.

Ең көп оқылған
Ақын Қайрат Асқар дүниеден озды
Политика
|
09.06.2025 12:05
2025-06-09 12:05:00
Көшеде Димаштың әнін шырқаған бала жұртты тәнті етті
Политика
|
08.06.2025 21:45
2025-06-08 21:45:00
Құрбан айтта Қазақ еліне бес тілек
Политика
|
05.06.2025 14:26
2025-06-05 14:26:00
Дикий Арманның қылмыстық тобына қатысы бар адамдарға үкім шықты
Политика
|
05.06.2025 22:00
2025-06-05 22:00:00
8 жасар қыздың өлімі. Күдікті ұсталды
Политика
|
06.06.2025 16:25
2025-06-06 16:25:00
Жамбылда 40 жолаушысы болған автобус өртеніп кетті
Политика
|
06.06.2025 21:23
2025-06-06 21:23:00
Сәкен Майғазиев келініне 5 млн қалыңмал берді
Политика
|
06.06.2025 12:37
2025-06-06 12:37:00
