Димаш Құдайберген Мысырда өтетін «The Pyramids Echo» фестивалінде өнер көрсетеді
2025 жылдың 30 қарашасында Димаш Құдайберген Мысырдағы Гиза қаласында орналасқан «Pyramids Panorama» алаңында өтетін «The Pyramids Echo» фестиваліне қатысады. Бұл туралы Dimashnews.com хабарлады.
Бұл фестиваль әлемге әйгілі оркестрлер мен солистерден бастап, заманымыздың рухын айқындайтын бірегей орындаушыларды бір арнаға тоғыстырады. Мұнда көрермендер музыка шеңберінен шығып, түрлі өнер мен мәдениеттің тоғысқан ерекше қойылымдарын тамашалай алады.
Жаңа буынға шабыт беруді, қызығушылық пен музыкалық өнерге деген терең түсінікті арттыруды мақсат еткен «The Pyramids Echo» жай ғана фестиваль емес, ол — ілгері қадам, жаңа көзқарас. Бұл жоба музыканы тек көңіл көтерудің құралы ретінде емес, тарихтың жаңғырығы, білімнің бастауы және болашақтың дәстүрі ретінде танытуды көздейді.
Фото: Dimashnews.com