"Болашақ" бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

Malim Админ

  • 06.02.2020

Биыл "Болашақ" халықаралық бағдарламасына бірқатар өзгеріс енгізілмек. Өзгерістер шәкіртақы иегерлерін іріктеу процесін ашық ете түседі.

Асылы, "Болашақ" халықаралық бағдарламасына іріктеу кезеңіне өзгерістер жыл сайын енгізіледі. Биыл енгізілетін өзгерістер іріктеудегі "адам факторын" барынша азайтатын көрінеді.

"Жыл сайын кешенді шаралар қабылданады. Алдыңғы жылы айтылған сын-ескертпелердің бәрі назарға алынады, құжаттарды қабылдау мен іріктеу, конкурсты ұйымдастырудың барлық кемшілігі ескеріледі", - деді  "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ның преиденті Анар КӘРБОЗОВА Atameken Business арнасына берген сұхбатында.

Былтырғы жылы Білім және ғылым министрлігінің жұмыс тобы"Болашақ" шәкіртақысы байқауына іріктеуді ұйымдастыру және шәкіртақыны тағайындауға қатысты жаңа ережелерді әзірлеген.  Оған сәйкес, енді "Болашақ" халықаралық шәкіртақысының байқау кезеңі қысқарады.

"Бұрынғы ережелер бойынша байқаудың алты іріктеу кезеңі болатын, енді байқау үш тур бойынша өтпек",  - деді Анар Кәрбозова.

Енді "Болашақ" шәкіртақысына үміткерлер құжаттар өткізу кезеңінде қазақ тілін білу деңгейін көрсететін "ҚазТест" пен шет тілін білу деңгейін анықтайтын сертификатты қоса тапсырады. Мәселен, үміткер ағылшын тілінде оқитын болса, IELTS немесе TOEFL емтихандарын күні бұрын тапсырып, байқаудың іріктеу кезеңіне тіл білу сертификатын қосып өткізеді. Бұрын тіл білу деңгейін анықтау жөніндегі емтиханды "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ ұйымдастырып келген еді.

"Болашақ" бірнеше жылдан бері  шәкіртақы иегерлерін жұмыс берушілердің тапсырысы бойынша дайындап келді.  Бұл үрдіс биыл да жалғасын табуы тиіс.

"2020 жылы мамандардың мақсатты түрде дайындауға көңіл бөлеміз. Ол үшін мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, квазимемлекеттік сектор, жекеменшік сектор, жоғарғы оқу орындары тәрізд ісалалардың әлеуетті жұмыс берушілерінің сұраныстарын зерттедік", ­- дейді Халықаралық бағдарламалар орталығының жетекшісі.

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" байқау кезеңіне қандай да бір өзгеріс енгізбес бұрын жұмыс нарығындағы ахуалды барынша зерттеп алады. Мәселен, 90-жылдар мен 2000-жылдар арасында экономика, мемлекеттік басқару, заң саласына мамандар қажет еді. Ал 2000 жылдан бері қарай Қазақстанда инженерлік-техникалық, медицина мамандарына сұраныс артты. Сөйтіп, "Болашақ" осы саладағы мамандарды дайындауға басымдық берді. Осы сұранысқа орай 2008 жылдан бері "Болашақ" бағдарламасына квоталық категориялар енгізілді. Осылайша, медицина, ғылыми-педагогика саласының мамандарына шетелге "Болашақ" шәкіртақысымен барып оқуға мүмкіндік туды. 2010 жылдан кейін ғылым, мәдениет, спорт және журналистика саласына басымдық берілді. Осы санаттағы мамандарға байқау кезеңінде іріктеуге жеңілдік жасалды. Атап айтқанда, тіл білу талабы барынша жеңілдетіліп, іріктеліп шыққан шәкіртақы иегерлері тіл курсын елде және шетелде оқитын болған. Бұл саладағы мамандарды "Халықаралық бағдарламалар орталығы" жұмыс берушіден келіп түскен тапсырыс негізінде дайындады, шәкіртақы иегерлері, жұмыс беруші мен "Халықаралық бағдарламалар  орталығы" АҚ өзара үшжақты келісімшарт жасасты.

"Бұл мамандар Қазақстанға қайтып оралып, өздері оқыған мамандық бойынша жұмыс істеп жатыр", - деді "Халықаралық бағдарламалар ортағының" жетекшісі.

26 жыл ішінде "Болашақ" бағдарламасы бойынша бас-аяғы 10 522 адам оқып шықты. Олардың 5469-ы - магистратура, 2841-і - бакалавриат, 139-ы доторантура, 39-ы аспирантура, 12-сі - аспирантура, 91-і клиникалық ординатурада оқыса, 1931 адам тағылымдамадан өткен. "Болашақ" түлектерінің 54,3 пайызы әлеуметтік-гуманитарлы, 36,6 пайызы инженерлік-техникалық, 7,1 пайызы медицина, 2 пайызы шығармашылық мамандықтарды бойынша оқыған. Бүгінгі күні "Болашақ" бағдарламасы бойынша магистратура, докторантура бағдарламасы бойынша оқып, тағылымдамадан өту мүмкіндігі бар. Құжат қабылдау уақыты мен бағдарламаға енгізілен өзгерістер жақында жарияланады.

Фото: "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ

 

 

Байланысты жаналықтар

Елімізде балалар мен жасөспірімдерге арналған театр студиялары ашылмақ

04.10.2024

Президент көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады

02.10.2024

«Бауырына салу» фильмі «Оскарға» ұсынылды

30.09.2024

Елордада Мұхтар Әуезов ескерткіші ашылды

29.09.2024

Қазақ ұлттық опера және балет театры 91 маусымын бастады

29.09.2024

Елімізде кәсібін ұрпағына қалдырып отырған жүздеген әулет бар

29.09.2024
MalimBlocks
Елімізде балалар мен жасөспірімдерге арналған театр студиялары ашылмақ

Президент көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады

Көшпенділер ойындарының жүлдегерлері, олардың жаттықтырушылары, халықаралық спорт шарасын ұйымдастыруға және өткізуге ерекше үлес қосқан азаматтар марапатталды

«Бауырына салу» фильмі «Оскарға» ұсынылды

Елордада Мұхтар Әуезов ескерткіші ашылды

Ескерткіш «Қаллеки» театрының алдына қойылды

Қазақ ұлттық опера және балет театры 91 маусымын бастады

Жаңа маусым «Абай» опералық спектаклімен ашылды

Елімізде кәсібін ұрпағына қалдырып отырған жүздеген әулет бар

Бүгін елімізде – Еңбек күні!