Дәулеткерей Кәпұлы АЛЖИР мұражайының директоры қызметіне тағайындалды

Ол бұған дейін Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының директоры болды

Malim Админ

  • 16.01.2025

Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы Дәулеткерей Кәпұлы Астана қалалық Мәдениет басқармасы «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» директорының орынбасары, «АЛЖИР»  мұражайының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Malim.kz. 


Дәулеткерей Кәпұлы бұған дейін Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының директоры болды. 

Дәулеткерей Кәпұлы 1977 жылы 9 тамызда дүниеге келген. Әль-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың филология факультетін, (1995-1999) Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің магистратурасын (2000-2002) бітірген. Еуразия университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы (1999-2005), Абай атындағы ҚазҰПУ-нің қазақ филологиясы факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы (2006-2008) қызметтерін атқарған. Астана қаласы әкімдігі, Мәдениет басқармасының қызметкері болып жұмыс істеген. 

Елордада жарық көрген «Алтын тамыр» әдеби-танымдық журналының шеф-редакторы, Астана қаласындағы «Фолиант» баспасы директорының орынбасары болып қызмет атқарған. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаменті директорының орынбасары, республикалық "Samuryq" журналының бас редакторы болып қызмет атқарған. Аталған университеттің PhD доктаранты.

Дәулеткерей Кәпұлы Халықаралық, республикалық ақындар айтысының бірнеше дүркін жеңімпазы. 2000 жылы «Жұлдыз» жұрналы жариялаған А.Ыбыраев атындағы республикалық жазба ақындар мүшәйрасының бас жүлдесін, III-ші халықаралық Шығармашыл жастардың Шабыт фестивалінің поэзия номинациясы бойынша гран-приді иеленген. «Жыр тәңірі», «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы», «Жас ақындар жырларының антологиясы», «Байбесік тұмалары», «Тәуелсіздіктің нұрлы таңы», «Шабыт», «Жидебай», «Жанартау», «Азаттық таңындағы азат жыр» т.б. қазақ ақындарының біріккен жыр жинақтарында өлең-жырлары жарияланған. «Сүтті іңір»,(2007), «Бүлдірген ағып түскенше» (2011), "Маралтамыр",  "Айналсоқ" атты жеке жыр жинақтары жарық көрген. Түркияның Адана (Тарсус) қаласында өткен түркітектес халықтардың Қаражолан атындағы сегізінші еларалық поэзия фестивалінің лауреаты. Дарын Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты. 

Фото: Астана қаласы әкімдігі 

 

 

Байланысты жаналықтар

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

16.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

11.04.2025

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

11.04.2025

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

09.04.2025

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

06.04.2025
MalimBlocks
Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

Форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

Тамыры терең тарихпен астасқан мәдени мұра мекені — Ұлытауды бірге аралап, ерекше әсерге бөленейік!

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

Әділет министрлігі қазақ әндерін Instagram-ға қайтарғалы жатыр

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесінің туындысы Еуропа тыңдарманының көңілінен шыққан.

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

Бұл – қазақтың дәстүрін, киелі Маңғыстау мұрасын және түркіхалықтарының тарихын кеңінен насихаттауға арналған бірегей мәдени кеңістік