Елордада Мұхтар Әуезов ескерткіші ашылды

Ескерткіш «Қаллеки» театрының алдына қойылды

Мәди Саматұлы

  • 29.09.2024

Астанада жазушы, қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш академигі Мұхтар Әуезовке арналған ескерткіш ашылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының алдына орнатылған ескерткішті мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен жазушының туысы Диар Қонаев ашты.

Ашылу салтанатында Ерлан Қарин президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқыды.

Мұхтар Әуезов – ұлт руханиятында айрықша орны бар ұлы жазушы. Ол шығармаларында халқымыздың бітім-болмысы мен тыныс-тіршілігін шебер суреттеді. Қаламгердің теңдессіз туындыларынан ана тіліміздің байлығы мен төл өркениетіміздің тереңдігі айқын көрінеді. Шын мәнінде, жұртымыздың жан дүниесін білгісі келген адам ең алдымен Әуезовті оқуы керек, деп жазған президент.

Мүсінді Айдос Бүркітбаев пен Тимур Ермұхаметов жасаған.

Айта кетйік, кеше ғана жазушының туған күні өткен еді.

Әуезов халық аңызы бойынша «Еңлік-Кебек» пьесасын жазған. Бұл шығарма қазақ ұлттық драмасының қарлығашы болды. Кейін «Қорғансыздың күні» атты алғашқы әңгімесі арқылы өзінің жазушылық ерекше дарынын айқын танытты.

Бұдан бөлек 1923–1926 жылдары «Оқыған азамат», «Қыр суреттері», «Үйлену», «Ескілік көлеңкесінде», «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу» әңгімелерін жазды.

Мұхтар Омарханұлы 15 жыл бой «Абай жолы» 4 томдық даңқты тарихи роман эпопеясын жазумен айналысты. Бұл кітабы 1949 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды. Роман 30 тілге аударылған.

Әдебиет саласына сіңірген еңбегі үшін 1957 жылы Ленин орденімен марапатталды.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

09.05.2025
MalimBlocks
“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

Екі спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде медаль жеңіп алды.