Ем іздеп шетелге барудың қажеті жоқ: Ми мен қалқанша безі ісігі елде тегін емделеді

Malim Админ

  • 15.10.2021

Қазақстанда ауыр созылмалы аурулардың 137 түрі бойынша науқастар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Олардың ішінде созылмалы бүйрек және аса күрделі қатерлі ісік аурулары да бар.

Созылмалы бүйрек ауруымен ауыратын дәрі-дәрмекті тегін алады

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғинияттың айтуынша, елімізде 32 түрлі созылмалы ауру бойынша дәрі-дәрмек кепілдендірілген көмек аясында берілсе, қалған 105 ауру түрі бойынша дәрі-дәрмек медициналық сақтандыру жүйесі арқылы тегін беріледі.

Бүйрек ауруларымен ауыратын жеті мыңнан астам науқас диализ курсынан тегін өте алады. Еліміздегі жүзден астам медициналық орталық кепілденірілген тегін медициналық көмек аясында диализ курсын ұсынады.

Диализ – бүйрек қызметін атқара алмаған кезде, ағзадан артық сұйық пен заттарды жасанды жолмен шығару процесі. Бүйректің созылмалы ауруына шалдыққан жандар үшін өмірін аман алып қалудың бір жолы бүйректі алмастыру болса, екінші жолы – диализ. Әрі ағза трансплантологиясы Батыс елдеріндегідей дамымаған, қайтыс болған адамның мүшесін донор ретінде пайдалануға әлі де үрке қарайтын біздің қоғамда бүйрек ауруымен ауыратындар жылдап диализ арқылы емделеді.

"Бізде созылмалы бүйрек ауруларына шалдыққан науқастарға керекті барлық базалық дәрілер бар. Гемодиализбен көмекті қамтамасыз ету жоғары деңгейде", - дейді Ажар Ғиният.

Бүйректің созылмалы ауруларымен ауыратын науқастарға дәрігерлер кей ретте қосымша аминқышқылдарды жазып береді. Бұл дәрілер де кепілдендірілген тегін медициналық көмек бойынша беріледі.

Бүйрек ауруларына шалдыққан науқастар кей ретте диализдің орнын алмастыра алатын "кетостерин" дәрісін іздейді. Бұл дәрі ағзадағы аминқышқылдардың балансын реттейді. Бүйрек ауруымен ауыратын науқастар көп ретте диета ұстап, ақуыз жеуді шектейді. Сол ақуыз орнын алмастырып, креатининді сақтауға мүмкіндік беретін препарат – аминқышқылдардың кетоаналогы.

Қазақстанда аминқышқылдардың кетоаналогтары міндетті медициналық сақтандыру бойынша беріледі. Алайда "кетосерин" атты қосымша аминқышқылдардың көзі бола алатын препарат әзірге хаттамаға кіргізілмеген. Дегенмен денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғиният бұл препарат клиникалық хатттамаға кіргізіліп жатқанын мәлімдеді. Бұл дәрі хаттамаға кіргізілген соң, міндетті медициналық сақтандырудыі кепілдік берілген көлемі бойынша науқастарға қолжетімді болады деген сөз.

Шетелде мемлекет есебінен емделуге бола ма?

Еліміздің денсаулық сақтау жүйесі жылдан-жылға дамып жатқандықтан, шетелге емдеуге жіберілетін аурулар саны азайды. Өйткені елде күрделі ауруларды емдейтін технологиялар әкелінді, жаңа медициналық орталықтар ашылып жатыр. Мысалы, ми ісіктерін "Гамма-пышақ" кешенімен емдеу үшін науқастар бұрын шетелге жіберілетін. Ал бүгінде нейрохирургия ұлттық орталығында Швециядан алдырылған "Гамма-пышақ" кешені бар. Бұл – мидағы ісікті емдеу үшін гамма сәулені мөлшерлеп беретін кешен. "Гамма-пышақ" басты трепанациялап, сүйекті ашып операция жасаудан гөрі қан шығармай, мидың ішіне үңіліп, гамма сәуле арқылы емдейтін қолайлы тәсіл. Осылайша Қазақстан "Гамма-пышақ" кешенін алдырған Орталық Азиядағы алғашқы ел болып отыр.  Әлемде "Гамма-пышақтың" 400 кешені бар болса, оның 200-ден астамы АҚШ пен Жапонияда. Осылайша, енді еліміздің азаматтары осы кешенді іздеп шетелге бармайды, "Гамма-пышақ" арқылы астанада ем ала алады.

Сол сияқты қалқанша без ісігін емдейтін радиойодтерапия бүгінде Семей қаласындағы ядролық медицина және онкология орталығында бар. Радиоактивті йод арқылы емдеуді қажет ететін пациенттер еліміздің түкпір-түкпірінен Семейге келіп, тегін ем ала алады.

Сондықтан ел азаматтарын шетелде емдету бойынша заң жүзінде бекітілген диагноздар саны айтарлықтай азайды.

"Егер елімізде науқастарды емдейтін қандай да бір технология, аппарат болмаса, ересек адамдарды шетелге жіберіп емдейтін белгіленген диагноздар бар.  Ал балалар бойынша барлық тәсіл қолданып, республикалық деңгейдегі медициналық ұйымдарда көмек алынып, ол ем көмектеспесе, бұл мәселе комиссияда қаралады. Өйткені балаларды шетелде емдету бойынша бекітілген диагноздар тізімі жоқ. Соңғы екі жылда шетелде тегін емделуге көбіне балалар жіберілді. Ол үшін республикалық деңгейдегі мамандар ұсыныс беруі керек. Олардың қорытындысын алған соң денсаулық сақтау министрлігі науқастарды шетелге тегін емделуге жібереді", - дейді Ажар Ғиният.

Фото: Informburo.kz

Байланысты жаналықтар

Президент «BIKEN» І театр фестивалі қатысушыларын құттықтады

29.09.2023

Оралханның соңғы жылдары

28.09.2023

Алтай симфониясын қарасөзбен жазған суреткер

28.09.2023

Қазақстандық суретші Лондондағы байқауда топ жарды

28.09.2023

Әуезовтің 1933 жылы жазылған үш очеркі

26.09.2023

Дәрігер Күләш Ахметованы ақындыққа баулыған

22.09.2023
MalimBlocks
Президент «BIKEN» І театр фестивалі қатысушыларын құттықтады

Президент лебізін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев оқыды.  

Оралханның соңғы жылдары

«Мен де аузымды былғағым келмейді», - деп мінбеден түсті де, басын шалқайта ұстап қайқая адымдап сыртқа шығып кетті.

Алтай симфониясын қарасөзбен жазған суреткер

Айманына деген сағыныш, «перзент сүю» сылтауымен оны ренжіткені, оның соңы қайғылы қаза...

Қазақстандық суретші Лондондағы байқауда топ жарды

«Кескіндеме» аталымы бойынша  30-дан астам елден 190 қылқалам шебері  қатысқан

Әуезовтің 1933 жылы жазылған үш очеркі

«Бұл мешіт еді. Тұқымын құртып, биыл жүдә қамба қылдық...»

Дәрігер Күләш Ахметованы ақындыққа баулыған

Жамбылдағы медициналық училищені оқып жүргенде Өкім ағасының үйінде тұрыпты