457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ерлан Төлеутай Бішкектегі халықаралық кинофестивальде «Үздік актер» атанды

Қазақстандық актер Ерлан Төлеутай Қырғызстанда өткен III Халықаралық Бішкек кинофестивалінде «Ең үздік актер» жүлдесін жеңіп алды. Ол марапатты режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильміндегі басты рөлі үшін иеленді, деп хабарлайды Malim.kz.

Марапатты фестиваль қазылар алқасының мүшесі, италиялық танымал кинопродюсер Паола Марина Спина табыстады.

Айта кетейік, «Әбіл» фильмі 2025 жылы ақпанда Францияда өткен 31-ші Vesoul халықаралық Азия кинофестивалінде де үш бірдей жүлдені еншілеген болатын: Қазылар алқасының бас жүлдесі, Киносыншылар жүлдесі және NETPAC қазылар марапаты.

Актер Ерлан Төлеутай мен режиссер Елзат Ескендірдің бұл табысы — қазақ өнерінің халықаралық деңгейде мойындалуының жарқын көрінісі болды.

Фото: Facebook/Елзат Ескендір