Ғылыми атақтар беру ережесіне өзгерістер енгізілді

Malim Админ

  • 16.07.2021

Білім және ғылым министрлігі Қазақстан ғылымы мен ғылыми зерттеулер сапасын және оларға сенімді арттыру үшін ғылыми атақтар (доцент, профессор, қауымдастырылған профессор) беру ережесіне өзгерістер енгізді.

Ғылыми атақтар берудің басты талаптарының бірі – ғылыми мақалалардың халықаралық рецензияланған ғылыми басылымдарда жариялануы. Сондықтан ғылыми мақалалар шығатын журналдың сапасы да маңызды. Бұл дегеніміз Web of Science немесе Scopus халықаралық базаларына кірмейтін немесе индекстелуі тоқталған күмәнді журналдарға шығатын мақалалар бұдан былай есепке алынбайды деген сөз. Бұл шара қазақстандық ғалымдардың күмәнді журналдарға шығатын жарияланымдарын азайтуға көмектеседі.

Осылайша ғылыми атаққа үміткер диссертация қорғағаннан кейін жарияланған және мамандығына сәйкес келетін мерзімді ғылыми басылымдарда кемінде 14 ғылыми мақаласы болуы керек болса, оның 10-ы уәкілетті орган ұсынатын ғылыми басылымдарда және екеуі халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда шығуы тиіс.

Министрлік ережеде бұл қандай журналдар екенін де нақтылап кеткен. Екі ғылыми мақала үміткердің мамандығына сәйкес келетін Journal Citation Reports деректері бойынша, 1, 2 және 3 квартильге кіретін немесе Scopus деректер базасында CiteScore бойынша процентиль көрсеткіші кемі 35 болатын журналдар жатады. Ал әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми атаққа үміткер тұлғалар үшін Web of Science Core Collection  деректер базасында Arts and Humanities Citation Index, Science Citation Index Expanded, Social Sciences Citation Index индекстелетін мақалалар мен шолулар да есепке алынады.

Тағы бір маңызды өзгеріс, енді патенттер ғылыми мақалаларды толығымен алмастыра алмайды, тек 20 пайызға ғана орнын алмастыра алады. Атап айтқанда, халықаралық ғылыми басылымдардағы мақалалар ретінде енді Clarivate Analytics компаниясының Derwent Innovations Index деректер базасына енгізілген Америка Құрама Штаттарының, Еуропалық Одақтың және Жапонияның патенттері ғана теңестірілетін болады. Олар ғылыми мақалалардың 20 пайыздан астамын алмастырады.

Халықаралық аса беделді журналдарда мақала жариялауды құп көретін ғалымдарға бұл өзгерістер оң әсер етері сөзсіз. Себебі енді ондай журналдардағы 1 мақала білім беру мен ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарда жарияланған 2 мақаланы алмастыра алады.

Ғылыми журналдар мен ғылыми мақалалардың сапасына қойылатын осындай талаптар еліміздегі ғалымдардың зерттеулерін жоғары деңгейге көтеруге септігін тигізеді.

Фото: etu.ru



 

 

 



 

Байланысты жаналықтар

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

16.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

11.04.2025

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

11.04.2025

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

09.04.2025

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

06.04.2025
MalimBlocks
Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

Форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

Тамыры терең тарихпен астасқан мәдени мұра мекені — Ұлытауды бірге аралап, ерекше әсерге бөленейік!

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

Әділет министрлігі қазақ әндерін Instagram-ға қайтарғалы жатыр

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесінің туындысы Еуропа тыңдарманының көңілінен шыққан.

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

Бұл – қазақтың дәстүрін, киелі Маңғыстау мұрасын және түркіхалықтарының тарихын кеңінен насихаттауға арналған бірегей мәдени кеңістік