Мекемтас Мырзахмет дүниеден өтті

Мәди Саматұлы

  • 11.01.2025

Абайтанушы, бауыржантанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы 95-ке қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Қайғылы хабарды Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желіде жазды.

Кемел кісіліктің кілтін іздеген Мекемтас ағайым да келместің кемесіне мініпті, бақиға аттаныпты… Алапат аштықтан анасы аман алып қалған, зұлмат жылдары әкесінен айырылып, ерте есейген, батыр Баукеңе жақын іні, Мұхтар Әуезовке адал шәкірт болған, Абайдың жұмбақ шығысын ашқан, қазақтың тілі мен діні үшін қайтпай күрескен, Түркістанға барып, түркі әлеміне түрен салған қайран Мекемтас ағай, үлкен істерді үндемей бітіріп, артыңызға даңғыл жол қалдырдыңыз…. Бақұл болыңыз, жақсы аға, жаныңыз жаннатта жай тауып, асыл рухыңыз пейіштің төрінде шалқысын…, деп жазды сенатор.

Мекемтас Мырзахметұлы – 1930 жылы Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Майтөбе ауылында дүниеге келген. 

1991–2000 жылдары арасында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кафедра меңгерушісі‚ Иасауи ғылыми лабораториясының меңгерушісі, әдебиет және этнофилология ғылыми-зертттеу орталығының директоры;

2002–2003 жылы Түркітану ғылыми-зертттеу институтының директоры қызметтерінде болды. 2000 жылдан М.Х. Дулат атындағы Тараз мемлекеттік университетінде қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі және «Түркі халықтары әдебиетінің тарихы» ғылыми-зертттеу орталығының директоры, «Бауыржантану» ғылыми-зертттеу орталығының бас ғылыми қызметкері болған.

«Абайтану» (библиографиялық көрсеткіш), «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» (1988), «Абай жүрген ізбенен» (1985), «Абайдың адамгершілік мұраттары» (1993), «Абайды оқы, таңырқа» (1993), «Абай және Шығыс» (1994), «Абайтану тарихы» (1994), «Восхождение Мухтар Ауэзова к Абаю» (1995), «Әуезов және Абай» (1997), «Түркістанда туған ойлар» (1998) және «Абайтану дәрістерінің дерек көздері», «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» еңбектерінің авторы.

Фото: abaialemi.kz

Байланысты жаналықтар

«Болашақ» бағдарламасына жас шектеуі енгізіледі

16.04.2025

Бүгін – ғылым қызметкерлерінің күні

12.04.2025

Президент бір топ ғалымды мемлекеттік наградамен марапаттады

10.04.2025

Ақмола облысы жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза болды

25.03.2025

Ақтөбеде қаскөйдің қолынан қаза тапқан ерлі-зайыпты зейнеткерлер жерленді

17.01.2025

Мекемтас Мырзахметов. Абайтану және оның «толық адам» ілімі

11.01.2025
MalimBlocks
«Болашақ» бағдарламасына жас шектеуі енгізіледі

Бүгін – ғылым қызметкерлерінің күні

Президент бір топ ғалымды мемлекеттік наградамен марапаттады

Президенттің Жарлығымен бір топ ғалым мемлекеттік наградалармен марапатталды

Ақмола облысы жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза болды

23 наурызда Степногорск-Заводская ауылы автожолында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан төрт адам көз жұмды

Ақтөбеде қаскөйдің қолынан қаза тапқан ерлі-зайыпты зейнеткерлер жерленді

Мекемтас Мырзахметов. Абайтану және оның «толық адам» ілімі