Мектеп оқулықтарын шығару ісінде оң нәтиже бар

Malim Админ

  • 24.07.2023

Қай уақытта да ұстаздың және одан білім алатын шәкірттің назарда ұстайтын, пәндік оқуды меңгерудегі негізгі құралы- оқулық. Сондықтан кітапты жазатын мамандардың шеберлік мәселесі  алдыңғы орында тұрады.  Осы бағытта Оқу-ағарту министрлігі оқулық шығару, оны қолдануда  оң үдеріске бастайтын шаралар легін қолға  алып отыр. Нақтырақ айтсақ, ведомство оқулық жазу курсын арнайы тәмамдағандар мен бағдарлама дайындаушылардан жасақталған  авторлық топ құрғаны белгілі. Дәл осы уақытта  жаңартылған бағдарламаның бір кезеңі  мәреге жетті. Былтыр әзірлеуші комиссия ұйымдастырылып, бағдарламаны  барынша жетілдіріп, дидактикалық-әдістемелік жағынан реттеу тапсырылған еді. Кешенді жұмыс соңына таяп қалды.

Оқу-ағарту министрлігі үш жылдан бері оқу әдебиетіне ерекше жауапкершілік жүктей бастады.   Атап айтар болсақ, авторларды оқулықтану ісі мен оқулық мазмұнын бағалауға бағытталған оқу курсынан өткізеді. Оқулық жазатын мамандар курсқа баспалар атынан қатыса алады. Курсты ұйымдастыратын мекемелер қатарында  Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы,  Абай атындағы ҚазҰПУ және Педагогика ғылымдары  академиясы бар. Қазіргі уақытқа дейін 1 жарым мыңнан аса оқулық авторы тағылымдамадан өтіп, оқулық жазу тәжірибесін жақсартты.

Қолданыстағы басты құқықтық талап-ереженің бірі – мектепке арналған оқулықты үш маманның бірге жазуы. Бұл -міндетті жұмыс.  Мәселен, кем дегенде 2 тәжірибелі ұстаз, сондай-ақ, пәндік салада білгірлігімен дараланған  ғалым болуға тиіс. Ал баспалар мемлекет тарапынан сараптамадан өткізілетін балама оқулықтар бойынша өзара  бақ сынап,  нәтижесінде оқулықтардың сапалы, мазмұны тереңі ғана таңдалып алынады. Бұл ретте олар  кәсіби,  зерделі ғалым, парасатты педагогтерді тарта отырып жұмыс істейді. Негізінен баспа орындары оқулық әзірлейтін авторларды   «Үздік педагог» сынды республикалық деңгейдегі конкурстардың жеңімпаздары, педагогикалық ортада озық шыққандар  ішінен қарастырады.

 Қазіргі таңда  Оқу-ағарту министрлігі оқулықтарды цифрландыру ісіне аса мән беріп келеді. Ведомствоға қарасты  орта білім комитетінің мәлімдеуінше, мектеп оқулықтарының 80 пайызы  цифрландырылып  үлгерген. Бұл әдебиеттер мемлекеттік тұрғыда сарапталып,  оқу-әдістемелік кешендер қатарына кірді.   Еліміздің негізгі деген 11 баспасы оқулықтарды цифрлық форматқа көшіруге  жұмылдырылған. Пәндерді оқыту  инновациялық әдістер арқылы жүргізілмек.  Осы  мақсатта мұғалімдердің оны қолдануы үшін әдістемелік ұсыныстар даярланып, оқытылуда.

Министрліктің орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашевтің айтуынша, Қазақстандағы бастауыш сыныпқа арналған оқулықтардың 94 %-ы, 5 және 9 сынып қолданатын  әдебиеттердің 81 %-ы, 10-11 сыныпқа арнап шығарылған кітаптардың 61 %-ы электронды нұсқаға ауыстырылыпты. Ал келесі жылы сабақтарды цифрлық оқулықтармен 100 пайызға қамтамасыз ету көзделген. Ендігі кезде электронды оқулықтармен бірге орта білім ошақтарында мультимедиалық өнімі бар цифрлық білім беретін ресурстар  қосымша оқытылмақ. Дәл қазіргі статистикаға сүйенсек,  елу мыңнан астам цифрлық білім беру платформасы жасақталып біткен. Жыл  басынан бері Цифрлық білім беру ресурстары санатына 6  мың 700 мектеп қосылып үлгерді.  Сапалы өнімдер мен пайдалы контентті 3 млн-ға тарта педагог пен оқушы пайдалануда.  Цифрлық білім ресурстарында мектептердің әрбір сыныбын қамтитын елу мыңнан астам бейнесабақ жүктелген. Осы жұмыстар арқылы оқу бағдарламасын түзетін мамандар мен сараптамалық орталықтар арасында байланыс дамып, оқушылардың танымын арттыратын кітаптар жарық көреді. 

Байланысты жаналықтар

Жылдамдыққа оқу балаларды күйзеліске түсіріп жатыр

24.11.2023

Кітапқұмар балалардың республикалық байқауы аяқталды

02.11.2023

Мeмлeкeттiң зaңы бip бөлeк, дiндapлapдың зaңы бip бaсқa

15.09.2023

«Жайлы мектептерге» қойылар талап жоғары

28.08.2023

Тамыз кеңесі. Ата-ана мен оқушы тең дамуға тиіс

25.08.2023

Аралас мектеп. Министрлік мимырт, ата-ана салғырт

21.08.2023
MalimBlocks
Жылдамдыққа оқу балаларды күйзеліске түсіріп жатыр

Оқушылардың психологиялық саулығын ешкім де есепке алмайды

Кітапқұмар балалардың республикалық байқауы аяқталды

Цифрлық дәуірде  балалардың кітап оқуға құштарлығын арттыру маңызды

Мeмлeкeттiң зaңы бip бөлeк, дiндapлapдың зaңы бip бaсқa

Eлiңнiң қaндaй зaңы бap, мeмлeкeт қaндaй тәpтiптi бaсшылыққa aлaды, oғaн бaс қaтыpмaйды

«Жайлы мектептерге» қойылар талап жоғары

Тамыз кеңесі. Ата-ана мен оқушы тең дамуға тиіс

Аралас мектеп. Министрлік мимырт, ата-ана салғырт

Құжат тапсыруға 10 күн қалғанда ата-аналар «баламызды орыс сыныбына береміз»,-деп келді