Мемлекеттік жастар саясаты: тарих көзімен

Malim Админ

  • 29.03.2022

 

Елімізде жастар саясатын басқару саласында әртүрлі тәсілдер қолданылды. Жастар саясаты - Президент 2018 жылды Жастар жылы деп жарияламас бұрын да көп айтылып, жыл өткен сайын жұмыс барысы жаңартылып отырды. Біз осы тіркеске кеңінен тоқталып, Қазақстан Жастар саясатының хронологиясын зерттеп, тарихына тоқталып көруді жөн көрдік.

1991 жылы құрылған Жастар ісі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік комитет көп ұзамай Қазақстан Республикасының Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитеті болып қайта құрылған еді. Жергілікті жерлерде, көптеген қала мен аудандарда Жастар ісі жөніндегі комитеттер құрылып, біраз жерде олар басқа мемлекеттік құрылымдармен біріктірілді, кей жерлерде әкімшілік құрамына кіргізілді. 

Сол жылы маусым айында "Қазақ ССР-індегі мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заң қабылданды. 

1993 жылы Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитет пен туризм, дене шынықтыру және спорт министрлігі таратылып, орнына бірыңғай орган құрылды: Қазақстан Республикасының Жастар ісі, туризм және спорт министрлігі.

 

1996 жылдың қазан айында Мемлекет басшысының Өкімімен Үкімет "жастар туралы" Заң жобасын әзірлеп, 1997 жылдың бірінші тоқсанында Парламенттің қарауына шығарды. Бұдан басқа, шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, жастар шығармашылығын, әлеуметтік маңызы бар бастамаларды, балалар мен жастардың бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту шараларын әзірлеу қажет болды. 

1998 жылдың сәуір айында "Новое поколение" газетінде "За будущее Казахстана" Республикалық жастар қозғалысы кеңесі мен ақпарат, мәдениет және қоғамдық келісім Министрлігінің жастар саясаты бөлімі әзірлеген Қазақстан Республикасының жастар саясаты Тұжырымдамасының жобасы жарияланды. 

1999 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының негізін қалаушы идеялары мен принциптеріне, БҰҰ-ның 2000 жылға дейін және одан кейінгі кезеңге арналған жастарды дамыту жөніндегі Дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасына, Бала құқықтары туралы конвенцияға, Қазақстан Республикасының Конституциясына, ел Президентінің "Қазақстан-2030. Гүлдену, қауіпсіздік және қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту". Тұжырымдама бес бөлімнен тұрады. Онда қоғамның стратегиялық ресурстарын дамытудың маңызды бағыттарының бірі ретінде мемлекеттік жастар саясатының қажеттілігі негізделген, осы саясаттың негізгі мақсаты, басымдықтары, негізгі қағидаттары мен бағыттары, сондай-ақ басқару органдары айқындалған. 

2003 жылғы қаңтарда Парламент Мәжілісінің жұмыс тобы мемлекеттік жастар саясаты туралы заң жобасының үкіметтік нұсқасына депутаттар ұсынған түзетулерді қарады. Жас қазақстандықтардың білім алуына, жастарды жұмысқа орналастыруға, сондай-ақ тұрғын үй несиеге алуға қатысты нормалар әзірлеушілер мен депутаттар арасында үлкен пікірталас тудырды. 

2004 ж. 7 шілдеде "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңына Президент Н. Ә. Назарбаев қол қойды. 

2013 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын мақұлдады. Мемлекеттік жастар саясатының басты басымдығы жастардың өз мүдделеріне, бейімділігіне, физикалық мүмкіндіктеріне сәйкес және қоғам мүдделерін ескере отырып, еркін әлеуметтік даму құқығын, шығармашылық бастаманы іске асыру үшін жағдай жасау болып табылады. 

2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Жастар дамуының жаһандық индексінде әлемнің 170 елінен 27-ші орынға ие болды. Бірақ бәрі неден басталғанын еске түсірейік. Осы бағыттағы негізгі жұмыс 2012 жылдың аяғында басталды. 

2015 жылдың ақпан айында "мемлекеттік жастар саясаты туралы" жаңа заң қабылданды. Нәтижесінде жастарды жастар ұйымдарының, консультативтік-кеңесші органдардың және жастардың өзін-өзі басқару органдарының қызметіне білім беру жүйесі мен еңбек ұжымдарында тарту заң жүзінде бекітілген. Жаңа заңның тағы бір маңызды ерекшелігі жастардың мүдделері мен қажеттіліктерін қозғайтын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің құзыреттері мен жауапкершілігін бекіту болып есептеледі.

    Бұдан басқа, осы жылдар ішінде барлық деңгейдегі әкімдер жанындағы Жастар ісі жөніндегі Кеңестерді ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарауға қол жеткізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әкімдерге осы диалог алаңдарының жұмыс сапасы үшін дербес жауапкершілік жүктелген. 

2016 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі "Қазақстан-2020: болашаққа жол" мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыру басталды. 

2018 жылы Қазақстан Республикасының Президенті А. Назарбаев жастарға жаңа мүмкіндіктер сыйлаған "Бес әлеуметтік бастаманы" іске қосты. 

Президент 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялап, елде Жастар саясатын қолдау шаралары кең қолға алынды. 

Байланысты жаналықтар

Том-том жарысты кім тияр?

21.10.2024

«Он алты жасар чемпион» телехикаясы эфирге шықты

20.10.2024

Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы есімі берілген ауылда ерекше аталып өтті

19.10.2024

Бүгін Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына — 100 жыл

19.10.2024

Илон Масктың анасы Алматыға келді

16.10.2024

Қазақстанда Арменияның мәдениет күндері басталды

15.10.2024
MalimBlocks
Том-том жарысты кім тияр?

Ептілер жазушы еңбегін әділ бағалаудан гөрі ебін тауып екі асағаннан аса алмай келеді

«Он алты жасар чемпион» телехикаясы эфирге шықты

Ахметпен бірге «ауылда қалыңыз, балаларды жаттықтырыңыз» деп қосыла айтқың келетіндей

Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы есімі берілген ауылда ерекше аталып өтті

Ал туған аулында батыр атындағы аллея ашылып, бюст қойылды

Бүгін Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына — 100 жыл

Илон Масктың анасы Алматыға келді

Сапар барысында Мэй Маск Ықылас Дүкенұлы атындағы Ұлт аспаптар мұражайына барды

Қазақстанда Арменияның мәдениет күндері басталды