Озық елдер баланы 12 жыл оқытады

Malim Админ

  • 24.03.2020

Он екі жылдық білім беру жүйесіне көшпес бұрын білім және ғылым министрлігі жан-жақты дайындық жасап, әуелі оқыту бағдарламасын жаңартып алмақ. Дегенмен 12 жылдық білім беру жүйесін бұдан бұрын сынақтан өткізіп көрген мектептер бар. Олардың бірі  – Назарбаев зияткерлік мектебі.

"5-6 жыл бұрын Назарбаев зияткерлік мектебінде 12-сыныпта оқып жүрген балаларға ағылшын тілінен сабақ бердім. Назарбаев зияткерлік мектебі 12 жылдық оқыту жүйесін алғаш сынақтан өткізіп көрді. Нәтижесі жаман емес. Бұл жерде астын сызып айтатын нәрсе, еліміз 12 жылдыққа көшкен күннің өзінде балалалар бір жыл артық оқиды деген сөз емес. Асылы, жұрт қазір балаларын нөлінші, яғни мектепке дейінгі дайындық сыныптарына беріп жүр. 12 жылдық білім беру жүйесінің ерекшелігі сол, мектепке дейінгі дайындық сыныбы 1-сынып болып есептеледі. Сондықтан ата-аналардың "балаларымыз бір жыл артық оқиды екен" деп алаңдауына негіз жоқ. Өркениетті елдердің бәрі әлдеқашан 12 жылдыққа көшіп кеткен", - дейді Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстазы Алия Қасенова.

Расында да, қазір оқушылардың білім деңгейін көрсететін PISA халықаралық рейтингінде жоғары орында тұрған елдердің барлығы дерлік балаларды 12 жылдық білім беру жүйесімен оқытады. Рейтингті бастап тұрған, ғылым көрсеткіші жөнінен көш ілгері Қытайда 9-12-сыныптар орта мектеп болып есептеледі. Қытай ішіндегі Гонкконг мен Макао да солай. Посткеңестік елдердің ішінен PISA рейтингісінде 5-орынға жайғасқан Эстония 12 жылдық білім беруге өткен. Рейтингтің алдыңғы орындарында жүрген дамыған елдер – АҚШ пен Ұлыбританияның мектептері де 12 жылдық.

Оны былай қойғанда, іргеміздегі Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Молдова, Украина 12 жылдық білім беру жүйесіне бізден бұрын өткен. Әлбетте, бұл елдердің барлығы "12 жылдыққа өту керек екен" деп бір күнде білім берудің жаңа жүйесіне көшпегені түсінікті. Сондықтан әртүрлі елдердің тәжірибесін зерттеп көрген Қазақстан әуелі білім беру бағдарламасын біртіндеп 12 жылдыққа лайықтап алуды жөн көрді. Қазір бұл мәселе тікелей білім және ғылым министрлігінің құзыретінде. Бұл мәселені үкімет жетекшісі де өз бақылауына алған.

"Жаңартылған білім беру жүйесінің нәтижесін бірнеше жылдан кейін көреміз. Шамамен 2024 жылы оның тиімділігін байқайтын боламыз", - дейді Асқар Мамин.

12 жылдық мектептер Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру жүйесімен үйлестіріп, интеграциялауға мүмкіндік берер еді. Мәселен, шетелдік жоғары оқу орындарының арасында студенттер алмасу бағдарламасы бар. Кейбір елдер студенттермен ғана емес, оқушылармен да алмасады. Бірақ 11 жылдықпен оқып жүрген баланы 12 жылдық білім беру жүйесіне әлдеқашан өтіп кеткен елге жіберу белгілі бір проблемаларды тудыратыны түсінікті. Оның ішінде оқу бағдарламаларының үйлесімсіздігі тағы бар.

"Болашақ" бағдарламасымен шетелге оқушы балаларымен бірге барған шәкіртақы иегерлері елге келген соң, 12 жылдық білім берудің артықшылықтарын бірден байқағанын айтады. Солардың бірі, Ұлыбрианияда оқыған Аружан Кәрім бізге берген сұхбатында былай дейді: "Балам Ұлыбританиядағы мектепке 5 жастан барды. Сонда үш жыл оқыды. Сөйтіп, 3-сыныпты бітірген соң, елге қайтып келдік. Елде 3-сыныпқа бердім, дегенмен қатарластарынан жасы кіші. 12 жылдық білім берудің артықшылығы сол, балаға салмақ аз түседі. Өйткені, мәселен, Ұлыбританияда 1-2-сыныптар, тіпті бастауыш сыныптарда оқу мен ойын қатар жүреді. Балалар уақытында тынығып, уақытында оқиды. Үйге тапсырма аптасына бір-ақ беріледі. Өйткені негізгі бағдарлама мектепте оқытылады. Қазақстан 12 жылдық білім беруге көшсе, бізде де балаға салмақ аз түсіп, бағдарлама 12 жылға бөлініп, білім беру жүйесі басқа өркениетті елдердікімен үйлестірілер еді".

Білім және ғылым министрлігінің көздегені де сол. Министр Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, Қазақстан мектептері 12 жылдық білім беруге біртіндеп, оқу бағдарламасын жаңарту арқылы көше бастайды. Ол 2021 жылдан басталмақ. Министрліктің 12 жылдық білім беру жобасына қарағанда, балалар мектепке бұрынғыдай 6 жастан бара бермек. Айырмасы сол, жоба бойынша, 1-5-сыныптар бастауыш, 6-10 сыныптар орта мектеп болып саналса, 11-12-сыныптарда оқушылар болашақ мамандық ретінде таңдайтын салаларға қарай бейінді бағытта оқымақ.

Фото: Diapozon.kz

 

Байланысты жаналықтар

Дүйсен Қасейінов беделді халықаралық ұйымның елшісі атанды

15.01.2025

«Бір нәрсені есіңде ұста!». Бекболат Тілеухан Мағауиннің аманатына адал болды ма?

14.01.2025

«Әкем екеуміз» қандай фильм?

14.01.2025

Мұхтар Шаханов Мағауиннің қазасына байланысты көңіл білдірді

13.01.2025

Қастеев музейінде «Тұран таулары» халықаралық симпозиум-пленэрі көрмесі ашылды

13.01.2025

Мұхамеджан Тазабек: Мағауин бізге талақ айтып, қайырылмай кетті...

13.01.2025
MalimBlocks
Дүйсен Қасейінов беделді халықаралық ұйымның елшісі атанды

Түркі дүниесіне танымал тұлға Дүйсен Қасейінов беделді халықаралық ұйымның алқауына бөленді

«Бір нәрсені есіңде ұста!». Бекболат Тілеухан Мағауиннің аманатына адал болды ма?

"Бергенін еселеп елге қайтармасаң құдай төбеңнен ұрады" депті Мағауин.

«Әкем екеуміз» қандай фильм?

Мұхтар Шаханов Мағауиннің қазасына байланысты көңіл білдірді

Қастеев музейінде «Тұран таулары» халықаралық симпозиум-пленэрі көрмесі ашылды

Мұхамеджан Тазабек: Мағауин бізге талақ айтып, қайырылмай кетті...

"Ол біздің мақтау түгілі жоқтауымызды керек қылмай, мұхиттың арғы жағында мәңгілікке маңдай тіреді" деді ол.