Қазаққа жел тиімді ме, АЭС тиімді ме?

Айшолпан КЕРІМ

  • 30.09.2021

Қоғамдық пікірге жедел мониторинг жүргізу бюросы DEMOSCOPE жүргізген сауалнама бойынша, қазақстандықтардың жартысынан көбі АЭС салуға қарсы екендерін білдіріпті. 
Біз осы сауалнаманың қорытындысына қатысты экономист Әсет Наурызбаевтан сұраған едік, жұрттың қарсы болуы заңдылық деді. 
«Атом энергиясы қазір әлем бойынша өте қымбат. Мысал ретінде Түркиядағы Аккую станциясын алайық: Росатом электрэнергиясын жеткізу үшін киловатт-сағатына 12,35 АҚШ центі бағасымен келісім жасасты. Осыдан-ақ бұл бағаның күн сәулелі станция құрылысы бойынша соңғы аукциондағы бағадан төрт есе жоғары екенін көре аламыз», - дейді ол.
Қазір АЭС құрылысына шамамен 10 млрд доллар бөлінгелі отыр, бұл қаражат қанша уақыт ішінде ақталады?
Наурызбаев бұл сома кемі 10 жылда ақталуы мүмкін екенін, құрлысты бастамас бұрын өзге амалдарды қарастыру керек екенін айтады.
«Ақталып-ақталмауы қаржылық есептер орталығының қандай бағада сатып алатына байланысты. Егер баға 60 теңге киловатт/сағ болса, мүмкін АЭС жобасы 10-15 жыл ішінде ақталып қалар. Ал арзанырақ болса, ешқашан ақталмайды деген сөз. 
АЭС құрылысын салу үшін айтылатын басты себеп – электр энергиясы. Бірақ электр энергиясына ерекше артқан сұранысты күн, жел мен гидростанцияға алмастыру тез, арзанырақ әрі қауіпсіз жол», - дейді сарапшы.
   
Семейдегі ядролық полигонның жарасы әлі жазыла қойған жоқ. Бейбіт заманда Арыс пен Жамбыл облысында болған жарылыстан кейін де халық техногендік сипаттағы апаттан қатты қорқып қалған. Осы жағдайдан кейін қару-жарақ қоймасына иелік ете алмай отырып, АЭС-ті қалай жарытпақ деп сынға алып жүргендер де көп. Бұл мәселеге келгенде билікке де сенбейді. 

DEMOSCOPЕ жүргізген сауалнамаға қатысқандардың 39%-ы АЭС-тен келер қатерлердің жоғары екенін айтады. 30% сауалнама қатысушысы Қазақстанда әскери қоймаларда болған жарылыстарды ескерсек, Чернобыль АЭС-ы мен Фукусима-1 апаты қайталана ма деп қорқады.

Байланысты жаналықтар

Абайдың атын айтып малданамыз, ауылын көрсек қорланамыз  

07.06.2023

Әлемдік деңгейдегі қойылым Түркістан театрының қоймасында жатыр

05.06.2023

ZhuldyzArt: Малайзиядан алған білім танымалдылығымды арттырды

02.06.2023

Шәкәрім шаңырағын не күтіп тұр?!

29.05.2023

Жидебайға жемқорлық емес, қамқорлық керек     

26.05.2023

Астана туралы үздік әндерге байқау жарияланады

23.05.2023
MalimBlocks
Абайдың атын айтып малданамыз, ауылын көрсек қорланамыз  

Абайдың қолжазбалары, домбырасы, тоғызқұмалағы, Құнанбай қажының кісе белбеуіне қауіп төніп тұр

Әлемдік деңгейдегі қойылым Түркістан театрының қоймасында жатыр

Әлде, жақсылығын асырып, жамандығын жасырып қалудың әрекеті ме?

ZhuldyzArt: Малайзиядан алған білім танымалдылығымды арттырды

Өзіміздің төл туындылар экспонат деңгейінде қабылданатыны қынжылтады

Шәкәрім шаңырағын не күтіп тұр?!

Абай арманын ақиқатқа айналдырам дегеніне «Батыраштар» мұрша бермеді

Жидебайға жемқорлық емес, қамқорлық керек     

Бұл жөнсіздікке қатысты адам деп Абай музейінің директоры Тұрдықұл Шаңбайдың аты аталды

Астана туралы үздік әндерге байқау жарияланады

Елорданың 25 жылдығына орай өтетін бұл байқаудағы ең үздік жұмыстар Астананың 25 жылдығына арналған ән жинағына енетін болады