Қазақша «Моана 2» анимациясының кассалық табысы 151 000 000 теңгеден асты

Malim Админ

  • 12.12.2024

Әлеуметтік желіде халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы «Моана 2» анимациясы қанша табыс тапқанын жариялады.


Оның айтуынша, «Моана 2» анимациясының он екі күндегі кассалық табысы 151 000 000 теңгеден асқан. 

«Фильмді қазақ тіліне аударып, дубляждауға кеткен шығын еселене ақталып, қазақтілді көрерменнің нарықтағы зор ықпалы расталды. «Моана 2-нің» 12 күндегі кассалық табыс үлесі 151 000 000 теңгеден асты! «Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмін басып озып, жаңа рекорд орнатты. «Ойжұмбақ 2» жалпы көлемі 138 000 000 теңге табыс жинаған еді», - дейді ол.

Бұл – қазақ тіліндегі анимациялық фильмдер арасындағы ең үздік көрсеткіш. Қазақ дубляжына деген қызығушылық пен қолдаудың жарқын үлгісі дейді ол.

Көрсетілім басталған алғашқы күндердің өзінде «Моана 2» Қазақстанның бокс-офистер кестесінде алғашқы орында тұрған.

«Қазақ тілі» қоғамының осы бастамасын қолдап, үндеуімізге үн қосқан барлық бауырларға ризашылық білдіреміз! Қазақ дубляжы мен мазмұнын қолдауды жалғастыра берейік!» – деді Р.Кенжеханұлы.  

Фото: championat.com 

Байланысты жаналықтар

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

16.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

11.04.2025

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

11.04.2025

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

09.04.2025

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

06.04.2025
MalimBlocks
Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

Форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

Тамыры терең тарихпен астасқан мәдени мұра мекені — Ұлытауды бірге аралап, ерекше әсерге бөленейік!

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

Әділет министрлігі қазақ әндерін Instagram-ға қайтарғалы жатыр

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесінің туындысы Еуропа тыңдарманының көңілінен шыққан.

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

Бұл – қазақтың дәстүрін, киелі Маңғыстау мұрасын және түркіхалықтарының тарихын кеңінен насихаттауға арналған бірегей мәдени кеңістік