Қойгелдиев лекциясы. Мұқанов пен Мүсіреповтің Әуезовке жасаған қиянаты – тарихи факт!

"Әуезов үйінде" дәстүрлі түрде өтіп тұратын "Халық университетінің дәрістерінде" қонақ болған тарихшы Мәмбет Қойгелдиевтің лекциясының жалғасын ұсынамыз.

Malim Админ

  • 26.04.2022

 

                                     "Әуезов қу. Ол қазір ашық көрінбейді"

        К.Матыжанов: Мұхаң шаңырағында отырмыз. М.Әуезов Алашорданың ең жас қайраткері болды. Алашордадан қалған біреу болса, ол М.Әуезов. Екеу болса, Ә.Ермеков бар. Оcы қос тұлға өз  көзқарастарынан өмір бойы таймай кеткен. Осы жөнде не айтар едіңіз?

Мәмбет Қойгелдиев: КГБ-ның құжаттарын көп оқыдым. М.Әуезовке қатысты, әсіресе, 50-60 жылдарға байланысты. «Заключение по Ауэзову» деген. Сонда: «Әуезов қу. Ол қазір ашық көрінбейді. Ғылыми кеңесте сөз сөйлемейді. Үнсіз. Алайда, шәкірттеріне тақырып беріп қояды», дейді. «Қазақстан тарихы» кітабын, ондағы Е.Бекмахановтың Кенесары тарихына байланысты жазғанын талқылауда бір оппоненттің бұны жазуға әлі ерте деп қарсы болғанын айтады. Ол жерде орыстың, қазақтың тарихшы, ақын-жазушылары түгел отырды. Бәрі үнсіз. М.Әуезов сөз сұрап: егер Қазақстан тарихында К.Қасымов жазылмаса, онда бұл кітаптың кімге керегі бар деп айтты дейді. Орыс тарихшылары М.Әуезовті қолдап кетті. Осы тақырыпты диссертация қылып жаз деп Мұхаң да, Сәбит те айтты. К.Қасымов тарихына келуім осылай деп Бекмаханов тергеу құжатында жазған. 25 жылға соталған тарихшы.

«Абай мектебі» деген тақырыпты Қ.Мұқаметхановқа М.Әуезов берген. Ол да сотталып келді. Талай адамдар илеуге түсті, менің таң қалатыным, саяси ұстанымын, көзқарасын өзгертпеген адам – М.Әуезов. Мұхаң өзінің алаш идеясын ешуақта өзгертпеген. Ермеков екеуі хат жазды. Тарихи хат. Оның газеттегі жарияланымы мен қолмен жазған мәтіні бар. Екеуі екі бөлек. Газетте алаш идеясынан бас тартам деген сияқты сөздер бар, ал мәтінде ондай сөздер жоқ. Мұхаң газеттік нұсқасына қол қоймаған, түрмеде жатыр өзі. Әлімханның кеңесі бойынша Мұхаң қол қойған. «Әлеке, ұрпақ алдында жауапкершілігі мойныңда!» депті. Әуезов өз идеясына, ұстанымына өте берік болған кісі.             

   Мұхаңның Мұғамила деген қызы болды. «Әкем осы үйдің екінші қабатындағы болконға шығып, іңірде көшеге қарап тұрып темекі тартатын», деп естелік айтады. Бақылау жоқ па деп. Үнемі бақылауда болған ғой. Стенографисткасы естелік айтады, 1948 жылы «Абай жолы» Сталиндік сыйлық алды ғой, Мұхаң жұмысты таңғы алтыда бастайды, содан ерте есіктен кіргенде, ол кісі құшақтап тұрып: мен пәледен құтылдым депті. Бақылаудан көзім ашылатын болды дегені. С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов тарапынан Әуезовке жасалған қиянат тарихи факт! Тарихи фактіні ұрпақ білу керек! Мен кітабымда жазғам...  

  Оқи отырыңыз: Қойгелдиев лекциясы. Ағартушылық Абайдан емес, Алаштан басталады

З.В.Тоған кейін естелігінде М.Әуезовпен Нью-Йоркте кездестім деп жазады. Бір-бірін бұрыннан таниды. «Мұха Уфаға келгенің есіңде ме?» дедім. Сонда Мұхаң: «Оны қалай ұмытам, қараңғыда жарқ еткен найзағай ғой ол» деді. Орынборға Ахаңның тапсырмасымен барған сапарын айтып отыр. 

 

                                 Ұлттық жарақат менде бар, баламда жоқ

К.Матыжанов: Бүгінгі өмірге қарай келсек. Өзіңіз айттыңыз, Алаштың жасаған істері жалпы қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының идеясы деп. Қазір жаңа Қазақстан құрайық деп жатырмыз. Алаш идеясы бізде бар ма? Қай салаларын алып пайдалануға болады?

Мәмбет Қойгелдиев: Дұрыс айтасыз! Барлық салада бар. Бірде академик С.Зимановқа Конституцияда қателік кетті деп айттым. Жердің байлығы мемлекеттік деген. Шын мәнінде жер байлығының иесі ұлт болуы керек деп. Оны сақтаған да, қорғаған да халық қой! Ол мемлекет халық атынан сөйлейді ғой дейді, ал бұл қиындау нәрсе өзі!.. Екінші жалпы қазақ съезінде алаштықтар қазақ жерінің байлығы (асты мен үсті) халықтікі деп айтады. Иесі – алаш!  

Жер байлығын игеру мәселесіндегі алаш идеясы әлі де құнды. Ахаңның сөзі бар, мәдениеттің көрінісі – тіл деген. Осыны біз әлі түсіне алмай жүрміз. Жердің иесі болу үшін тіл керек. Басқа тіл, басқа мәдениетке көшіп жерді ұстай да, игере де алмайсың. Тіл мәселесі – жер, ұлт мәселесі.

К.Матыжанов: Алаштың жасаған ағартушылық идеясын қазір пайдалануға бола ма?

Мәмбет Қойгелдиев:  Ағартушылық идеясы – алаш идеясы. Оны Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов бастаған зиялылар алып келді. Бұл ұлттық сананың қалыптасуы, ұлт болып бірігу. Барлық елде сондай. Ағартушылық – французды, немісті, ағылшынды қалыптастырды. Европада ағартушылық ұлттық сананың қалыптасуымен аяқталады. Ал бізде ол аяқталмай қалды. Өйткені, ағартушылар қуғын-сүргін құрбаны болды. Идеяда солай. Совет заманында біз жақсы білім алдық, ал бірақ оның мазмұны қандай болды? Біз ұлттық сананың қалыптасуына ықпал жасай алған жоқпыз. Ағартушылық бізде бар болды, бірақ жиырма-ақ жылға созылды. Айырылып қалдық. Идея 1905-1930-шы жылға дейін созылды. Сонымен бірге, ағартушылықпен қатар ұлтшылдық жүреді. Бұл қалыпты табиғи процес. Ол ұлттық мемлекетіліктің қалыптасуымен аяқталады.

К.Матыжанов: Алаштықтардың еңбектерін қарап отырсақ, ерекше бір аталатын дүние бұл жапондық модель. Осыны қазір пайдалануға бола ма?

Мәмбет Қойгелдиев: Жапондар да ұлтшылдық идеясымен ауырды. Үлгіні еуропадан алу керек деген идея да болды. М.Шоқай 30-шы жылдардағы еңбектерінде: Түркияның, Ататүріктің идеясына қараңыздар, осы жолдан біз де өтеміз деді. Әртүрлі үлгілер болды. Еуропалық, Азиялық моделдер.

К.Матыжанов: «Жапон шпионы» деп оларды соттады емес пе?

Мәмбет Қойгелдиев: «Немістің, жапонның шпионы» деп айта береді. Оның бәрі жала ғой.

   Оқи отырыңыз: Қойгелдиев лекциясы. Эксперимент – лабораторияда жасалады, халыққа емес

А.Мұқан: Бізде жазылмаған ұлттық жарақат көп, ашылмай жатқан көптеген мәселелер бар, сол туралы айтсаңыз. 

Мәмбет Қойгелдиев: Мен саясаткер емеспін. Жан жарақаты – бізде өте терең, өте ауыр. Жан жарасы жазылу үшін ұрпақ ауысу керек. Жарақат менде бар, ал баламда жоқ. Балалар Ленинді білмейді. Білмегені де жақсы. Ұлттық жарақаттың тамырын түсіндірітін, жазатын меніңше, мемлекеттік бағдарлама керек. Мысалы, ГУЛАГ-қа байланысты Қарағандыда музей ашқан, бірақ оған кім барады? Олар алыста, сыртта және аз. Фашистік идеяның құрбаны болған еврейлердің аты-жөні жазылған ескерткіштер бар. Міне, осындай естеліктер болуы керек. Осы жағымыз баяу, нашар, халыққа, ұрпаққа түсіндіру жұмыстары жоққа тән. Тарихи жадымызда қойыртпақ бар. Алашты әлі түсіндіре алған жоқпыз. А.Байтұрсынов туралы алты сериялы фильм бар, көрдім, жақсы, бірақ ірі кемшілік бар. Дерексіз эпизодтар жүр. Тарихи арнаны білмейді. Білгісі де келмейді. Жауапкершілік жоқ. Заңды түрдегі кеңесшілік деген жолға қойылмаған. Ана тарихшы былай деді деп ауызша айта салады. Бұл болмайды. Кемшілік осы. Алашорда туралы бірде-бір жақсы спектакль көргем жоқ.

(жалғасы бар)

«Әуезов үйі» ҒМО-ның конференция

залында 15 сәуірде өткен дәрісті

қағазға түсірген Е.Қаныкейұлы

Байланысты жаналықтар

Ерлан Қарин: Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік құндылықтары - идеологияның маңызды бағыты

23.10.2024

Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды

23.10.2024

В Шымкенте открыли четыре Дома культуры ко Дню Республики

22.10.2024

Том-том жарысты кім тияр?

21.10.2024

«Он алты жасар чемпион» телехикаясы эфирге шықты

20.10.2024

Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы есімі берілген ауылда ерекше аталып өтті

19.10.2024
MalimBlocks
Ерлан Қарин: Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік құндылықтары - идеологияның маңызды бағыты

Президенттің Атыраудағы отырыста айтқан идеологиялық тезистері нақты қадамдар мен бастамалар арқылы жүзеге асырылып жатыр

Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды

Республика күні қарсаңында Президент Жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды

В Шымкенте открыли четыре Дома культуры ко Дню Республики

Том-том жарысты кім тияр?

Ептілер жазушы еңбегін әділ бағалаудан гөрі ебін тауып екі асағаннан аса алмай келеді

«Он алты жасар чемпион» телехикаясы эфирге шықты

Ахметпен бірге «ауылда қалыңыз, балаларды жаттықтырыңыз» деп қосыла айтқың келетіндей

Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы есімі берілген ауылда ерекше аталып өтті

Ал туған аулында батыр атындағы аллея ашылып, бюст қойылды