Талғат Теменов ауруханаға түсіп қалды
Кинорежиссер аяғына ота жасатқан

Белгілі кино және театр режиссері Талғат Теменов ауруханаға түсті. Мәдениет қайраткері аяғына ота жасатқан, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл хабарды Серік Абас-Шах әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
21 аптадан соң 70 жасқа толғалы отырған Талғат Теменов досым(ыз) сырқаттанып қалыпты (аяғына ота жасатып ауруханада жатыр екен). 4 қабатта орналасқан пәленшесінші палатаға кіріп шықтым. Адамзат тарихы туралы бір ғылыми кітапты қызыға оқып жатыр екен. “Мынаны тауып алып оқышы, Секе” деді. Мен бұл кітаптың менде бар екенін айттым. Екеуміз 59 минуттай әңгімелестік (түрлі тақырыпта), деп жазды Серік Абас-Шах.
Фото: 365info.kz