Тоқаев Майра Ілиясованы 70 жас мерейтойымен құттықтады
Министр Аида Балаева Халық әртісі Майра Ілиясоваға Мемлекет басшысының арнайы құттықтауын жеткізді

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 70 жасқа толған әнші Майра Ілиясоваға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын табыстады, деп хабарлайды Malim.kz.
Министр Аида Балаева Халық әртісі, қазақтың жезтаңдай әншісі Майра Ілиясоваға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтауын жеткізді. Президент өзінің құттықтауында Майра Ілиясованың ұлттық ән өнерін дамытуға қосқан зор үлесін атап өтіп, өнер майталманына ыстық ықыласы мен ілтипатын білдірді.
Майра Ілиясова – ұлт мәдениетінің өркендеуі жолында тынбай еңбек етіп жүрген, ғұмырлы шығармаларымен халықтың жүрегіне жол тапқан біртуар тұлға. Ол тек әнші ғана емес, өнердегі ізін жалғар жастарға жол сілтеген өнеге мектебі. Майра апамыздың тәрбиесін көрген шәкірттер бүгінде елдің сүйікті өнерпаздарына айналды. Ұлт өнерінің шынайы жанашыры — Майра Ілиясоваға шығармашылық шабыт, зор денсаулық, толайым табыс тілейміз!, - деп жазды министр.
Фото: Facebook/ Аида Балаева