Тоқаев Медеу Сәрсекенің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Malim Админ

  • 21.03.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, драматург және қоғам қайраткері Медеу Сәрсекенің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

– Медеу Сапаұлы кемеңгер жазушы ретінде талғамы жоғары оқырманның ықыласына бөленді. Қазақ әдебиетіндегі фантастика жанрының сүрлеуін салған қаламгер ғылымның мүмкіндігін өрнекті сөзбен кестелеп жеткізе білді. Соңына бай рухани және әдеби мұра қалдырған Медеу Сапаұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

Айта кетейік, көрнекті жазушы, журналист, драматург, «Құрмет» орденінің иегері, қазақ әдебиетінде ғылыми-қиял жанрының өрістеуіне айрықша үлес қосқан қаламгер Медеу Сәрсеке 88 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

 

ФОТО: ИНТЕРНЕТТЕН

Байланысты жаналықтар

Жазушы Медеу Сәрсеке өмірден өтті

20.03.2024
MalimBlocks
Жазушы Медеу Сәрсеке өмірден өтті

Қаныштанушы 88 жаста болатын.