Тоқаев: Жұрттың көбі әлі де үйде отыра тұрғаны дұрыс

Malim Админ

  • 11.05.2020

Президент Тоқаев ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдайдың аяқталғанын мәлімдеді. Бірақ, көптеген шектеулер әлі де күшінде қалады, сол себепті азаматтардың үйінде қала тұрғаны дұрыс деп санайды. Бұл туралы Malim.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Жалпы, бүгін үлкен қалалардың кіре берісінде бірнеше шақырымға созылған кептеліс болып, азаматтар наразы болды. Олардың негізінен толғандыратын мәселелер – жол қашан ашылады, қалаға кімдер кіреді, кімдер кірмейді, төтенше жағдай мен карантин режимдерінің айырмашылығы не деген сұрақтар болған. Тоқаев бұл мәселелер жайлы шамамен былай депті:

«Облыстар арасындағы көлік қатынасына қатысты шектеулер қала береді. Қоғамдық көліктер жартылай жүктемемен жұмыс істейді. Жолаушылардан бетперде тағу талап етіледі. Көшеде топтасып жүретіндер 3 адамнан аспауы керек. Мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істей береді. Жеке кәсіпорын басшылары қанша қызметкерді жұмысқа шығаратынын өздері анықтауға тиіс. Жұрттың көбі әлі де үйде отыра тұрғаны дұрыс болар еді. Бұл – ең алдымен, адамдардың қауіпсіздігіне байланысты мәселе».

Тоқаев «қазірдің өзінде 1 миллион 100 мыңнан астам азамат жұмысқа шықты» дегенмен, жұмысқа шыға алмаған азаматтарға мемлекет тарапынан қандай да бір әлеуметтік көмек көрсетіле ме, жоқ па деген сұраққа тоқталмапты. Негізгі жауапкершілікті жұмыс берушілердің өздеріне қалдырған сыңайлы.

«Жұмыс барысында олқылықтардың болғанын да мойындаған» президент жұрттың көкейіндегі тағы бір сұрақ – 42 500 теңгенің өзі айтқан 4,5 миллион азаматқа екі рет қайтара төлене ме, жоқ па деген сұраққа қатысты нақты ештеңе айтпапты. Айта кетерлігі, әлеуметтік көмек алатындардың санына қатысты бұған дейінгі сұхбатында айтқан 4,2 миллион деген цифр 4,5-ке көбейіпті.

«4,5 миллионнан астам адамға 42500 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілуде.1 миллионнан астам азаматқа азық-түлік пен тұрмыстық заттар үлестірілуде. Коммуналдық төлемдердің тарифі төмендетілді. Оны төлеу үшін аса мұқтаж жандар қосымша көмек алады. 2 миллионға жуық азаматтың несие төлеу мерзімі кейінге шегерілді», дейді Тоқаев.

Сондай-ақ, бұдан былай нақты қандай нысандар жұмсын бастайтыны жайлы ведомство өкілдері айтпаса, президент «дүкендердің біразы, сән салондары, білім орталықтары және тағы басқа (!) нысандар» жұмыс істейтінін, саябақтар ашылатынын, әуе тасымалы қалпына келетінін ғана айтыпты.

Айта кетейік, коронавирус Қазақстанға келгелі төтенше жағдай 2 рет ұзартылды. Соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны – 5126; жазылып шыққандар – 1941; қайтыс болғандар – 31 адам.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев жаңа министрге бірқатар тапсырма берді

02.04.2025

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

01.04.2025

Тоқаев пен Пирц-Мусар АХҚО-ны аралап көрді

01.04.2025

Тоқаев Ұлттық құрылтайда көтерген бастамаларға қатысты жоспарға қол қойды

01.04.2025

Қазақстан мен Словения президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады

31.03.2025

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

31.03.2025
MalimBlocks
Тоқаев жаңа министрге бірқатар тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады,

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады

Тоқаев пен Пирц-Мусар АХҚО-ны аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын аралап көрді

Тоқаев Ұлттық құрылтайда көтерген бастамаларға қатысты жоспарға қол қойды

53 тармақтан тұратын бұл құжатты Президент Әкімшілігі Үкіметпен бірлесіп әзірлеген

Қазақстан мен Словения президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады

Қазақстан мен Словения президенттерінің келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданды

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді